Заңнаманы жетілдіру қаралды
Жұма, 8 маусым 2012 7:54
Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы сарапшылар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Жұма, 8 маусым 2012 7:54
Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы сарапшылар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мәселелері талқыланды.
Сарапшылар кеңесі отырысының жұмысына билік тармақтарының заң шығарушы, атқарушы және сот органдарының, құқық қорғау және құқық қолдану органдарының өкілдері, құқықтанушы ғалымдар, халықаралық және үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, адвокаттар қатысты.
Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сарапшылары, заң ғылымдарының докторы, профессор Арыстан Ахпанов және заң ғылымдарының докторы Раиса Юрченко баяндама жасады.
Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу заңнамасын Қазақстанның адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жетілдіру мәселелері жан-жақты талданды.
Сарапшылар қылмыс жасаған адамдардың жолын кесуге қатысты шараларды қолдану саласындағы қазақстандық заңнама мен құқық қолдану практикасының адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуына қаншалықты кепілдік беретінін қарады.
Талқыланған мәселе бойынша Комиссия бұрындары өз пікірін Мемлекет басшысы бекіткен 2009-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарында білдіргені атап өтілді.
Сөз сөйлегендер қылмыстық құқықты одан әрі жетілдіру, кодекстердің, әсіресе, конституциялық құқықтар мен бостандықтарды шектейтіндерінің сапасын көтерумен байланысты екенін, бұлардың осы саладағы проблемаларды шешуге қолайлы алғышарт жасайтынын атап өтті.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша Комиссия хатшысы Тастемір Әбішев сөз сөйлеп, отырысқа қатысушыларды Сарапшылар кеңесінің жұмысымен таныстырып, жұмыс жоспары, сараптамалық қызметті жетілдіру жолдары туралы баяндады.
Адам құқықтары жөніндегі комиссиясы сарапшылар кеңесінің ұсынымдары уәкілетті мемлекеттік органдардың назарына жеткізілетін болады.
«Егемен-ақпарат».