12 Маусым, 2012

Әділдіктің атар таңы

241 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Әділдіктің атар таңы

Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:15

Құқық қорғау органдары қыз­меткерлерін кезектен тыс аттестаттау шарасы науқандық сипат алмағаны жөн. Ал тиімді нәти­жеге жету үшін мұндай тексеріс­терді үнемі әрі жүйелі түрде жүр­гізіп, сонымен қатар жетілдіріп отыру қажет. Әрине, бір жылдың ішінде барлық құқық қорғау органдары қызметкерлерінің денсау­лық да­йындығы мен кәсіби білім деңгейін анықтап алармыз, бірақ әр маман­ның адамгершілік, жеке тұлғалық қабілеттерін кім тек­середі, адам­ның осындай қоғам үшін маңызды қырлары еске­ріл­мей қалмай ма деген сұрақ мені мазалайды.

 

Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:15

Құқық қорғау органдары қыз­меткерлерін кезектен тыс аттестаттау шарасы науқандық сипат алмағаны жөн. Ал тиімді нәти­жеге жету үшін мұндай тексеріс­терді үнемі әрі жүйелі түрде жүр­гізіп, сонымен қатар жетілдіріп отыру қажет. Әрине, бір жылдың ішінде барлық құқық қорғау органдары қызметкерлерінің денсау­лық да­йындығы мен кәсіби білім деңгейін анықтап алармыз, бірақ әр маман­ның адамгершілік, жеке тұлғалық қабілеттерін кім тек­середі, адам­ның осындай қоғам үшін маңызды қырлары еске­ріл­мей қалмай ма деген сұрақ мені мазалайды.

Мен кезінде Бас прокурордың кадр мәселесі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым, содан көңілге түйген біраз жәйттерді айтып өтейін. Құқық қорғау салаларында мықты жүйеленген мамандар даярлау қызметі жұмыс істеу керек, олар әр маманның өзінің бейімділігі мен біліктілі­гіне қарай қызмет баспалдағымен көтерілуін қатаң қадағалап отырулары керек. Яғни, қарапайым қызметкерлер адал қызмет ету барысында үлкен биіктіктерге қол жеткізетіндеріне сенімді болулары қажет, ал бас­шылық әділдік пен тура сөздің адамы ретінде қоластындағыларға үлгі болған­дары жөн. Бір сөзбен айтқанда, әр қызметкер өзінің басшысына сенуі қажет.

Бұл орайда тағы бір атап айтар жәйт, құқық саласында қызмет ат­қаратын адамдарды жоо-да кәсіби білім алып жүрген кездерінен танып білу керек және сол кездерден бастап Отан үшін, халық үшін адал қызмет етуге тәрбиелеген дұрыс.

Қазіргі кезде құқық қорғау органдары мамандарын аттестаттау қалай өтіп жатқандығы туралы елі­міздің бұқаралық ақпарат құ­рал­дарында айтылып жатыр. Со­ның ішінде мені таңғалдырғаны – мамандардың артық салмағы болмауы керек деген талап. Бұл де­геніміз артық талап, өйткені әр адамның дене күшінің өзіндік ерекшелігі болады, оны ескеру керек, ең басты ескерілетін жәйт ол адамның кәсіби деңгейі мен білік­тілігі талапқа сай болуы қажет деп есептеймін. Артық салмағың бар деп жоғары кәсіби білімі бар, өз ісінің шебері атанған маманды аттестаттаудан өткізбеу әбестік емес пе. Егер маман денсаулы­ғына, адалдығына байланысты қойылатын талаптардан өте алмаса, онда әңгіме басқа. Менің ойымша, әр маманға мұ­қият назар аудару қажет, өйткені әр адамның артында оған үміт артқан оның отбасы тұрады, соны бірінші кезекте ескеруіміз керек.

Тағы бір алаңдататын жәйт, ол – қоластында қызмет атқаратын қыз­меткерлерінің жауапсыздығы үшін үлкен шендегі бастықтарды жұ­мыстан шығару үрдісінің белең алуы. Бұл іске бір жақты қарауға болмайды, ең бірінші басшы қыз­меткерлердің жиі қызмет орнын ауыстыратынын ескере отырып, заңсыздыққа жол берген маманды сол басшының қызметке алған немесе алмағанын тексеру қажет, егер шын мәнінде басшының сондай біліксіз адамды жұмысқа ал­ғаны анықталса ғана жауапқа тарту керек деп есептеймін. Яғни заң­сыздық жасаған адамды кім жұ­мысқа алды, кім қолдап отыр, неге жауап­сыз­дық­қа жол берді деген мәселелер жан-жақты тексе­рі­луі қажет. Ал өмір бойы елі үшін адал еңбек етіп, шынайы іскер­лігімен, кәсіби білік­тілігімен көз­ге түсіп үлкен ман­сапқа қол жет­кізген басшыны қол­ас­тындағы қызметкердің ақымақ­тығы үшін жауапқа тартып, бір сәтте жоғар­ғы мансабынан айыру шартымен келісе алмаймын.

Құқық қорғау органдары тарапынан да көптеген заңсыздық­тардың орын алғанын жасырудың қажеті жоқ, бұл сала маманда­рының шектен шыққан әрекеттері мен жауапсыздықтары қоғамда үлкен дау-дамай тудырды. Қазіргі кезде олардың өз қызметтерін асы­ра пайдаланып, жеңұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық­тың бас көтеруіне себепші болып отырғандары көпшілікке мәлім. Әсіресе, қоғамда орасан кең етек жайған осы жемқорлықтың бой бермей бара жатқан­дығын ашық айтпасқа болмайды, бұл – заң бұзушылықтың ең қа­уіпті түрі, ол мемлекеттік бюд­жет­тің және жеке­меншік мүліктің тоналуына жол ашады, елімізге келетін инвесторлардың жолын жауып, олардың бізге деген се­німін жояды. Жемқорлықтан ең үлкен зиян шегетін, демокра­тия­лық стандарттар бойынша тұрмыс деңгейі орташа деп есептелетін тұрғын­дардың негізгі бөлігін құрайтын шағын және орта бизнес саласы, қазіргі кезде осы атал­ған салалар құқық қорғау орган­дарының жү­йесіз тексерістерінен бас көтере алмай отыр.

Сондықтан да жемқорлықпен күрес мәселесінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін ең басты өлшем – ар таза­лығы болуы керек, яғни олар еш­қандай ақшаға сатылмайтын жандар болуы тиіс. Әрине, құқық қор­ғау органдары жемқорлықпен жалғыз өздері күре­се алмайды, бұл бағытта мемлекет пен қоғам бірлесе жұмыстар атқа­руы керек. Ең бірінші кезекте атқа­рылатын шара – жемқорлық жайла­ған мекемелер, олардың ке­сірінен қоғам мен мемлекетке кел­тірілген шы­ғындар және т.б. зардаптар көле­мі жайлы ақпараттарды еліміздің бұқаралық ақпарат құрал­дары үнемі таратып отырулары қажет.

Қайрат ЖҮСІПОВ,

3-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі.