Аймақтар • 15 Сәуір, 2019

Атырау қаласын көгалдандыру аясында тұрғындарға үш мың көшет таратылды

976 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала тұрғындарының әрқайсысы үйеңкі, шетен мен қарағаштың бес көшетін тегін алды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырау қаласын көгалдандыру аясында  тұрғындарға үш мың көшет таратылды

Бүгін, 15-сәуірде Атырауда тұңғыш рет көшеттердің жергілікті тұрғындарға тегін таратылу акциясы өтті. «Арнаулыавтобаза» ЖШС-нің аумағында сағат 10-нан  бастап тұрғындар  кезекке тұрды. Тұрғындарға   ағаштың үш түрі ұсынылды  - үйеңкі, шетен  және қарағаш.

- Ағаштарды алу үшін тұрғындар өздерінің телефон нөмірін және мекен-жайын қалдыру керек.  5 көшет алып, одан әрі тиісті күтім мен суаруды қамтамасыз етуі қажет.  Арнайы құрылған комиссия тұрғындардың  іс-әрекеттерінің орындалуын бақылайды, - деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өндірістік-техникалық секторының жетекшісі Акесен Ибрагимов.

Акесен Ибрагимовтың айтуынша, көшеттер Индер ауданынан әкелінген,  әлеуметтік мекемелерде – балабақшалар мен мектептерде отырғызылады.

Айта кетейік, Атырауда  екі айлық санитарлық тазалау  жалғасуда. Сәуір сенбіліктерінің аясында облыс орталығында жасыл желек отырғызу жоспарланған.