Қазақстан • 15 Сәуір, 2019

Ақмола облысында дәнді дақылдар жаздық егістіктің 84 пайызын құрайды

1317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында егіс құрылымында дәнді дақылдар жаздық егістіктің 84 пайызын алады. Оның ішінде жаздық бидайдың үлесі 77% құрайды. Бұл туралы ortcom.kz хабарлады.

Ақмола облысында дәнді дақылдар жаздық егістіктің 84 пайызын құрайды

- Егістікті пайдалану құрылымында жарма және күздік дақылдар бар-жоғы 0,2%. Сондай-ақ, егістік құрылымындағы дәнді-бұршақты дақылдар егістігін кеңейтудің оң мәні бар. Дәнді-бұршақты дақылдарың ең өнімдісі – бұршақ. Орташа есеппен 20 жылда таза пар бойынша бұршақ тұқымының өнімділігі 15,1 ц/га, ал орылған жер бойынша-14,6 ц/га, - деді А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев.

Айтуынша, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру ауыл шаруашылығын дамыту үшін стратегиялық маңызы бар. Егістікті пайдалану құрылымында қалыптасқан жағдайға жүргізілген талдау оны облыстың топырақ-климаттық аймақтары бойынша жетілдіру мүмкіндігін көрсетеді.

- Ауа райы қолайлы солтүстік аудандарда бұршақ өсіру тиімді. Дәнді-бұршақты дақылдардан ноқат береді жақсы нәтижелерді, әсіресе қуаң аудандарда. Ноқат-құрғақшылыққа төзімді және жоғары технологиялық дақыл. Ол орақ кезінде жатып немесе шашылып қалмайды. Пар бойынша ноқаттың өнімділігі 12,3 ц/га, ал орылған жер бойынша - 11,2 ц/га құрады, - деп атап өтті Кенже Абдуллаев.

Сонымен қатар, соңғы жылдары өндіріс жағдайында жасымық егу кең таралған. Бұрын Қазақстанда жасымық егілмеген және аз зерттелген дақыл болып қала берді. Орта есеппен 12 жыл ішінде дәнді дақылдар бойынша жасымықтың өнімділігі 9,6 ц/га құрады.