Сайлау • 16 Сәуір, 2019

Күту режімі ұзаққа созылмауы тиіс

894 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Күту режімі ұзаққа созылмауы тиіс
Біз, Қарағанды облысының медиаторлары 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақ­стан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін толықтай қолдаймыз. 

Бізді, психологтарды, анали­тиктерді, азаматтардың пробле­малық мәселелерімен жұмыс істейтін қоғам қайраткерлерін, эмоцио­налдық шиеленісті төмен­дету және қоғамдағы қауіпсіздік сияқты өміріміздің аса маңызды құрамдас бөліктері алаңдатады.

Кез келген белгісіздік екіге айыры­лып тұрған жол торабы іспет­тес. Күту режімі ұзаққа созылмауы тиіс, себебі бұл келеңсіз жағдайларға не болмаса қоғамда негізсіз шиеленістің өсуіне әкелуі мүмкін.

Мемлекет басшысы «жоғары билік тұрақты және тыныш жағдайда берілгенін» атап өтті. Бұл тұрақтылықты сақтап қалу оңайға соқпайтынын біз көрші елдердің мысалында көре аламыз.

Қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз ету, жоспарларды құру, әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу және олар үшін жауапкершілік алуға айқындық қажет.

Еліміздің қазіргі Президенті сайлау әділ, ашық, мөлдір болады деп жариялады. Әлемдік үдерістер үлкен қарқынмен дамиды және де қазіргі белгісіздік – біздің еліміз үшін тым қауіпті және негізсіз.

Бұл шешімді дер кезінде дана саясаткерлер қабылдаған, біз олардың тәжірибесіне се­ніп, барлығымыз үшін өте маңызды мәселені шешуде өзі­міздің аза­маттық белсен­ділігі­мізді көр­сетуіміз қажет.

Президенттің кезектен тыс сайлау туралы үндеуін тыңдай отырып, біз оның еш күмән мен белгісіздікке жол бермей, барынша тезірек өтуі керек деген пікірге келдік. 
Бұл біз үшін шын мәнінде өзекті шешім, менің ойымша, біздің Елбасы қойған міндеттерге қол жеткізудегі басты қадам болады. Біз оны қолдаймыз.

Татьяна САВИЦКАЯ,

Қарағанды облысы Медиация орталықтарының басшысы

ҚАРАҒАНДЫ