Жағдайды жақсартады
Сәрсенбі, 20 маусым 2012 7:53
Ішкі істер министрлігінің жеке құрамын кезектен тыс аттестаттауданөткізу мәселесі бүгінде қоғамда кең талқылануда. ішкі істероргандарының ардагерлері ілгері дамытатын бастамалар ментүбегейлі өзгерістердің алдыңғы қатарындағы белсенді топ ретінде,заңның бұзылуын болдырмау мақсатында аттестаттау комиссиясыныңжұмысына белсенді түрде қатысуда.
Сәрсенбі, 20 маусым 2012 7:53
Ішкі істер министрлігінің жеке құрамын кезектен тыс аттестаттауданөткізу мәселесі бүгінде қоғамда кең талқылануда. ішкі істероргандарының ардагерлері ілгері дамытатын бастамалар ментүбегейлі өзгерістердің алдыңғы қатарындағы белсенді топ ретінде,заңның бұзылуын болдырмау мақсатында аттестаттау комиссиясыныңжұмысына белсенді түрде қатысуда.
Кең көлемдегі шараның басты мақсаты – кадрлық саясатты нығайту, еліміздің ішкі тұрақтылығына, құқық тәртібіне, заңның сақталуына жауапты адамдардың кәсіби деңгейін жетілдіру. ІІМ бұл аттестаттауды жалпы полиция қызметін, шын мәнінде, тиімді етуге мүмкіндік беретін шара деп қабылдауда. Себебі, 2011 жылы Астана, Алматы, Ақтөбе, Жаңаөзен, Тараз қалаларындағы орын алған оқиғалар барысы қысылтаяң жағдайларда полицияның талапқа сай қызмет етуге дайын емес екендігін, яғни кейбір полиция қызметкерлерінің кәсіби және психологиялық деңгейінің әлсіз екендігін көрсетті. Ұрысқа дайындық тәжірибесінің жоқтығы, әрине маңызды фактор, алайда бұл сылтау емес.
Сараптама көрсеткендей, қорғанудың қарапайым ережелерін сақтаған жағдайларда қызметкерлердің өлімін болдырмауға болатын еді. Үстіне нысандық форма киген әрбір қызметкер үшін қажетті төзімділік пен байсалдылық, өзін-өзі ұстай білу қасиеттері қазіргі буында азайып бара жатқандай. Мұны мен жұмыс тәжірибеме сүйеніп үлкен жауапкершілікпен айтып отырмын. Менің кеңес милициясындағы жұмыс тәжірибем 31 жылды құрайды. Соңғы бес жылда ІІО және ІӘ ардагерлер кеңесіне төрағалық жасап келемін.
Кадр саясаты әрқашанда басшылық құрам мен қол астындағылардың, мемлекеттік құрылымдар мен атқарушы биліктің, ең бастысы, халық пен олардың құқығы мен бостандығы сеніп тапсырылып, қорғау қатарында тұрғандардың арасындағы өзара қарым-қатынастың күрделі тізбегінде маңызды бөлігі болған және болып қала бермек. Әрине, соңғы кездері ішкі істер органдарына кездейсоқ, пайдакүнем адамдардың келу деректері орын алып жатқандығы ешкімге де құпия емес.
Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекет берген өкілеттікті пайдаланып, полиция қызметкерлерінде жат қылықтармен көзге түсіп, өздерін теріс пиғылды санасыздар етіп көрсету деректерін де жиі кездестіруге болады. Жеке құрамды аттестаттау іріктеудің, курсанттарды, офицерлерді, сержанттар құрамын оқытудың жаңа тиімді талаптарын анықтауға және бұған қоса өмірлік ұстанымдары жеке бастарының қамын ойлайтын, арам ниеттерін жүзеге асыру үшін келген қызметкерлерден полицияның қатарын тазартуға да мүмкіндік береді.
2011 жылдың сәуір айынан бастап Шығыс Қазақстан облыстық ІІД-де ішкі істер органдарына қыздар мен жас жігіттерді қабылдауға БАҚ арқылы тапсырыс беру тәжірибесі жүзеге асырылуда. Осы арқылы халық арасында ашықтық қамтамасыз етіліп, іріктеуге ерекше дайындығы бар лайықты жастар тартылады. Болашақ полицейлерге қойылатын талаптар негізді әрі аса қажетті болғаны жөн. Бүгінгі курсанттардан, яғни ертеңгі полицейлерден қылмыстың ашылуы, құқық бұзушылықтың алдын алу сапасы жоғары деңгейде талап етілетін болады. Мұның бәрі жалпы алғанда еліміздегі тұрақтылыққа тікелей байланысты. Кезектен тыс аттестаттау қызметтік, дене шынықтыру және жауынгерлік даярлықты жетілдіру бойынша кадр аппараты жұмысындағы әлсіз тұстарды анықтауы тиіс, бұл өз кезегінде міндеттеріне салақ қызметкерлерден арылуға мүмкіндік береді.
Нұрлыбек ҮДЕРБАЕВ,
Шығыс Қазақстан облысы ІІО және ІӘ ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Өскемен.