Сайлау • 16 Сәуір, 2019

Үкімет сайлауға жұмсалатын қаржының нақты сомасын жариялады

1050 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Әлиxан Смайылов президенттік сайлауға жұмсалатын қаржының нақты сомасын атады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Үкімет сайлауға жұмсалатын қаржының нақты сомасын жариялады

«Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында біз Үкіметтің резервінен сайлауды өткізуге 9,4 миллиард теңгені бөлуге шешім қабылдадық. Аталған қаражат республика бойынша ашылатын 10 мыңға жуық сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыруға жұмсалады. Ол жерлерде 70 мыңға жуық адам істейді. Әрине, ол қаржының басым бөлігі сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін адамдардың жалақысына бағытталады», деді Ә.Смайылов.

Оның айтуынша, бастапқы сома аймақтардан түскен тапсырыстардың негізінде жасалған болатын. Артынан Үкімет әрбір аймақта ашылатын сайлау учаскелері мен ол жерде жұмыс істейтін адамдардың санын нақтылады.

«Сөйтіп, 9,4 миллиард теңге көлеміндегі соманы шығардық», деп атап көрсетті Ә.Смайылов.