Спорт • 16 Сәуір, 2019

Батутты гимнастикадан Қазақстан командасы Грузияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде

886 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батутты гимнастикадан Қазақстан құрама командасы Тбилиси қаласында (Грузия) 1-18 сәуір аралығына жоспарланған оқу-жаттығу жиындарын өткізуде деп хабарлайды Olympic.kz.

Батутты гимнастикадан Қазақстан командасы Грузияда оқу-жаттығу жиынын өткізуде

Команда мүшелері 18 сәуір күні Минскте басталатын әлем кубогі кезеңіне толыққанды дайындалған болатын. 

22 сәуірге дейін жалғасатын кубоктік кезеңге Қазақстан атынан төрт спортшы қатысады. Олар: Пірмаммад Әлиев, Данил Мұсабаев, Данияр Түсіпов және Игорь Грачев. 

Аталған кубоктік дода лицензиялық турнирлер қатарына жататынын естеріңізге саламыз.