Аймақтар • 16 Сәуір, 2019

Бақыт Сұлтанов пен Ахметжан Есімов HR Qyzmet жалпы қызмет көрсету орталығының кеңсесінде болды

1341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Орталық қызмет көрсету орталығының орталық кеңсесінде болды деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бақыт Сұлтанов пен Ахметжан Есімов HR Qyzmet жалпы қызмет көрсету орталығының кеңсесінде болды

Тараптар ОҚКО (Ортақ қызмет көрсету орталығы) мүмкіндіктерін бағалады, бірыңғай сервис орталығын енгізудің артықшылықтарын талқылап, орталықты дамытудың жоспарларымен танысты. Өз кезегінде, қала әкімі елдегі ірі ОҚКО енгізу бойынша Қордың тәжірибесіне қызығушылық танытты. 

ОҚКО компанияларға HR бизнес-процестерінің тиімділігін арттыру, HR-қызметтерінің құнын төмендету және еңбекті тиімді ұйымдастыру арқылы өздерінің негізгі бизнесіне баса назар аударуға мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде ОҚКО Қордың компаниялар тобын персоналды басқару, жалақы төлеу, сыртқы тренингтерді басқару, шетелдік жұмыс күшін қолдау, персоналдың сыртқы байланыстарын және байланыс орталығының қызметтерін көрсетеді. Жобаның ауқымы Қордың компаниялар тобына жататын 13 мыңға жуық адамды қамтып отыр. 

ОҚКО 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қордың трансформациялау бағдарламасының аясында жұмыс істеп келеді. Оның Қазақстанда және Орталық Азияда әртүрлі салалардағы компанияларды қамтуда теңдесі жоқ. 

Кездесу барысында Бақыт Сұлтанов мұндай орталықты құру басқа компанияларға еңбекті тиімді ұйымдастыруда үлгі бола алатындығын атап өтті.