Қазақстан • 16 Сәуір, 2019

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Сұрақ-жауап» видеоайдарын іске қосты

1537 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Фейсбук пен YouTube-та «Сұрақ-жауап» видеоайдарын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Сұрақ-жауап» видеоайдарын іске қосты

Әлеуметтік желі бүгінде қоғаммен коммуникацияның маңызды арнасына айналып отыр. Оған Мемлекет басшысы да назар аудартқан болатын. Азаматтардың шынайы проблемаларын қадағалау, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аталған тұғырнамаларда белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінгі күні Фейсбук әлеуметтік желісінде мемлекеттік органның ресми парақшасымен қатар агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың, құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшыларының жеке парақшасы жұмыс істеп тұр. Осылайша, азаматтарға тікелей жүгіну мен ұсыныс жасау үшін мүмкіншілік берілген. Мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқарту, сонымен қатар азаматтардың сауалдарына жауап беру мақсатында агенттік ведомствоның «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі және «YouTube» видеохостингіндегі ресми парақшаларында «Сұрақ-жауап» видеоайдарын іске қосты, деп атап өтеді агенттіктің баспасөз қызметінен. Агенттік ақпаратына сәйкес, видеоайдар аптасына екі рет әлеуметтік желілердегі ресми парақшада жарияланады.