28 Маусым, 2012

Тиімділік күшейтілуі тиіс

227 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тиімділік күшейтілуі тиіс

Бейсенбі, 28 маусым 2012 7:36

Бас Прокурордың бірінші ор­­ынбасары Иоган Меркельдің төр­­ағалығымен қылмыстық заңн­а­­­маны жаңғыртуға байланысты өзекті мәселелерді талқылау, Бас прокуратура әзірлеген Қылмыс­­­тық іс-жүргізу кодексінің жаңа редакциясы шеңберінде мемле­­кет­­­­тің қылмыстық саясатын же­тілдіру мәселелеріне байланыс­ты Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес жұмысына Парламент депутаттары, құқықтанушы-ға­­­лымдар, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Мәжілісте тергеу мерзімі мен нысанын, тергеуге дейінгі тексеру институтын оңайлату, тұлға­­­ларды ұстау және қамауға алу институттарына деген жаңа көзқа­рас­ты енгізу, қылмыстық жаза жүйесін қайта қарастыру, қыл­мыстан жәбір шеккендерге зардабын өтеу қорын құру сияқты қылмыстық үрдіс тиімділігін же­­тілдіруге бағытталған мәселелер қаралды. Жазасын мойындау туралы мәміле жасасу, тергеу соты институттарын және қылмыстық теріс қылық жөнінде құқыққа қарсы әрекеттер санатын енгізу сияқты новеллалар белсенді талқыланды.

Сонымен қатар, терроризм мен экстремизмге, мемлекет қау­іп­сіздігі мен конституциялық құ­­рылым негіздеріне қарсы қыл­мыс­тармен күрестегі қылмыс­­тық-құқықтық мәселелер, эконо­­микалық қызмет аясындағы қыл­мыстар үшін жауаптылық жөні­н­де пікір алмасу өтті.

Мәжілісте аталып өтілгендей, ұсынылып отырған жаңалықтар сотқа дейінгі өндіріс уақытын қыс­қартуға, тергеу органдары­­­ның жұмысын жеңілдетіп, ың­­ғай­­­лан­­дыруға, қылмыстық процеске тартылған азаматтардың конс­­­­ти­туциялық құқықтарын барынша қорғауға ықпалын тигізбек.

Жиналыс қорытындысы бойынша қылмыстылықпен күресу­­дегі мәселелерді шешу барысында азаматтардың құқықтарын қор­­­­ғау тиімділігін күшейтуге бағыт­­­­талған шешім қабылданды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.