Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуына орай, елордадағы Ұлттық музей Ташкент қаласында «Ұлы дала: тарих және мәдениет» атты көрме ұйымдастырды.

Көрмеге Ұлттық музей қорынан барлығы 127 жәдігер таңдалып алынса, оның дені еліміздің ежелгі және ортағасырлық тарихи жауһарлары. Сондай-ақ сөреге «Ұлы даланың жеті қырында» атап көрсетілген әрбір сала бойынша құнды жәдігерлер де қойылды. Сонымен қатар көрме төрінен Батыс Қазақстан облысы жерінен табылған «Тақсай», Қарағанды облысының «Талды-2», Шығыс Қазақстан облысының «Берел» қорымдарынан табылған археологиялық бірегей олжалар да көрсетілді.
Шараның ашылу салтанатына Өзбекстандағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Сатыбалды, Өзбекстан елінің Мәдениет вице-министрі Камол Акилова, Ұлттық музей директоры Алмаз Нұразхан, Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінің директоры Васила Файзиева және басқалар т.б. қатысты.
Алғашқы болып сөз сөйлеген Қазақстан елшісі Дархан Сатыбалды мұндағы басты экспонат «Алтын адам» Ұлы дала мәдениетінің өшпес мұрасы екеніне тоқталып, аталмыш жәдігер бұған дейін Оңтүстік Корея, Польша, Ресей, Беларусь, Қытай қатарлы мемлекеттерде болып, әлем музейлеріне шеру тартқанын айтты.
Осылай сәтімен басталған екі ел аралық рухани достастық байланыстың маңызына тоқталып өткен Ұлттық музей директоры Алмаз Нұразхан, өздерін ыстық ықыласпен қабылдаған әріптестеріне, сондай-ақ қақ төрінен орын берген Өзбекстан Мемлекеттік өнер музейінің ұжымына алғыс білдірді.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар