Технология • 18 Сәуір, 2019

Ақтаулық зияткерлер 8 зымыран ұшырды

1282 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ғарышкерлер күнінде Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары мектеп алаңында 8 зымыранды көкке ұшырды.

Ақтаулық зияткерлер 8 зымыран ұшырды
Зияткерлік мектепте балалар­ды нақты ғылым түрлерімен айна­лы­суға шақыратын «Ғылым» тақы­ры­бындағы онкүндік өтті. Физика, химия, математика, биология пән­де­рінен күн сайын қызықты зерттеу сабақтарын, шеберлік сағаттар мен байқаулар ұйымдастырылуда. Сондай шараның бірі – зымыран құрастыру шеберлік сабағын физика кафедрасының ұстаз­да­ры өткізіп, балаларға ерекше көңіл күй сыйлады. Шеберлік сағатына ғарыш саласына ерекше қызығатын оқушылар жазылды. 15-ке жуық оқушы өз қолдарымен зымыран жасап, оны ұшыру механизмімен танысты. 
– Ғарышқа ұшатын зымырандар туралы ойлағанда, оның қалай құрас­тырылатынын, сондай-ақ жүйе­нің қалай жұмыс істейтінін бәріміз білгіміз келеді. Шеберлік сағаты біздің осы ойымызды жүзеге асы­рып, зымыран құрастыру сала­сын­­дағы білімімізді кеңей­туге көмек­тесті. Шараның ерек­ше тұсы – мұғалімдердің зымыран­ды қолда бар қатты қағаз, пенопласт, тұрба, қалам, сызғыш секілді зат­тардан жасауға болатындығын көр­сет­кені, – дейді сабаққа қатысқан Дана Заркум.

Айта кету керек, оқушылар зымыран құрастыру және ұшырумен алғаш рет айналысып отырған жоқ. Олар жыл сайын зымыранды ұшырудың әртүрлі жолдарын бақылап көріп, эксперимент жүргізеді. 

– Былтыр су қысымының көме­гімен зымыран ұшыруға тырыстық. Бірақ ол кезде құрылғымыз ұшпап еді. Ал биыл біз бірсатылы түрін жасап, оны оқ-дәрі көмегімен ұшырып көрдік. Бір сәт­те төрт зымыран қатар ұшқанын көр­­ген достарымыз қатты қуанды. Бұл қы­­зығушылығымызды арттыра түсті, – дей­ді 10-сынып оқушысы Мағжан Утеев. 

Жиында мұғалімдермен бірге «Ға­рыш. Ғылым. Интеллект» тақы­ры­­­бында Қызылордада өткен ІХ Нау­рыз кездесулері ғылыми жобалар байқауы­на қатысқан оқушы­лар бел­сен­­­ділік танытып, өзге достарына көмек көрсетті.

– ІХ Наурыз кездесулері байқауы ғарыш саласына балаларды баулуға арналған ең керемет жоба дер едім. Атал­ған сайыс еліміздің түкпір-түк­пі­­рі­нен жиналған біз секілді жас­тар­­ға зымыран, телескоп жасауды үй­реткен шеберлік сағаттар өткізу, Қа­зақ­станның ғарышкерлерімен кездесу, NASA SpaceХ секілді алып ком­паниялар мамандарынан дәріс алу мүмкіндігін, ғарыш астанасы Бай­қоңырды көру бақытын бұйыртқан маңызды шара, – дейді 11-сынып оқушысы Динара Тілегенова.

– Бұл балаларды ғарыш саласын зерт­­теуге бағыттайтын ерекше шара деп­ есептеймін. Осы ар­қы­­­лы зы­мы­ран жасау бойынша ха­лық­аралық Кос­мо­нав­тика мекте­бі­нің мұға­лім­­де­рімен бір­ге шеберлік саға­тын өткі­зуге қол жет­кіз­дім. Бұл керемет тәжірибе болды, – дей­ді физика пәні­нің мұғалімі Еркін Макенов.
Оқушыларға ғана емес, ұстаз­дар­дың өзіне айрықша әсер сыйлаған жоба жалғасын тауып, ізденіс көк­жие­­гі кеңейе түседі деп ойлаймыз. 

Маңғыстау облысы