Сайлау • 18 Сәуір, 2019

Саяси науқанға бір кісідей атсалысады

1118 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел азаматтарына 2019 жылғы 9 маусымда мерзімінен бұрын Президент сайлауын өткізу туралы Үндеуінің негізгі ережелерін талқылау мақсатында Астана қаласы Суретшілер одағында дөңгелек үстел өтті.

Саяси науқанға бір кісідей атсалысады
Жиынға Астана қаласы Сурет­­шілер одағының басқарма төрағасы Ж.Мүсәпір, «Астана қала­­сының жас суретшілер бір­лес­тігі» басқармасының төр­ағасы Ж.Оразалы, сондай-ақ С.Маханбетов, Т.Батанов, В.Пи­ро­ж­ков, Б.Әлібай, У.И­смаилов, А.Сырғабаев, Н.Кә­кімова сынды одақтың өзге де қыз­мет­керлері мен мүшелері қатысты. 

Талқылау барысында дөң­гелек үстелге қатысушылар ал­дағы сайлауға қатысты бірқатар мәселелерді қозғап, Президент Қ.Тоқаевтың ел азаматтарына Қазақстан Президентінің мерзі­мінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастамасына бірауыздан қолдау білдірді. Өйткені, олар осы тағдыршешті мәселе бо­йынша өз ұстанымын білдіруді азаматтық борыш деп біледі.

– Қазақстанның әр азаматы өз таңдауын дұрыс жасауы қажет. Осы ретте жаңа даму кезе­ңінде еліміздің стратегия­лық бағытынан ауытқымай, жаһан­дық жаңғыру бойынша өз жолын жалғастыруы үшін ел Прези­денті Қ.Тоқаевқа қолдау көрсетуі қажет. Өйткені еліміздің болашағы, одан әрі дамуы мен халқымыздың әл-ауқаты осыған байланысты. Бұл өз кезегінде еліміздің әрбір азаматының ортақ және басты басымдығы, – деп атап өтті Астана қаласы Сурет­шілер одағының бас­қар­ма төрағасы, суретші-кескін­демеші Жанұзақ Мүсәпір. Ал Қазақ­стан Суретшілер одағының мүшесі Сейсенхан Махан­бетов халық жаңа өзгерістерді күтіп отырғанын айтады. Оның пікірінше, тарихи-саяси ше­шімнің мұндай көрінісі орныққан тұрақтылық пен бейбіт өмірдің айқын дәлелі.

– Қазақстанның ішкі және сырт­қы саясатының барлық сая­си және экономикалық үдеріс­терін ескере отырып, қазір елі­міз бен ел азаматтары даму жолы­ның жаңа кезеңінде тұр. Біз Қазақстанның жаңа Президентін сайлауға қатысамыз. Халқымыз әрқашан өз елінің тәуелсіздігі мен тұрақтылығына қатысты мәселелерді бейбіт жолмен шеше білуімен ерекшеленгені белгілі. Бұл процесс әлі де жалғасуда деп ойлаймын. Тұң­ғыш Прези­дентіміз – Елбасы Н.Назар­баев басшылық еткен тұста орасан қызметтер атқарылды. Елді одан әрі дамыту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жаңа бағыттар мен жаңа өзге­рістер қажет. Халық елдегі жаңа өз­герістерді күтуде, – дей­ді сурет­ші, Қазақстан Сурет­ші­лер ака­де­миясының академигі, Қазақ­­­стан­ның еңбек сіңірген қай­рат­кері Сейсенхан Маханбетов. 

Отырыс қорытындысы бо­йын­ша, дөңгелек үстелге қатысу­шылар әлемдік жағдайдың шие­ленісуі мен басқа да бірқатар мәсе­лелер жағдайында Қазақ­стан Президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу Елбасы Н.Назарбаев құрған барлық мем­лекеттік бағдарламаларды тиім­ді жүзеге асыру үшін, сон­дай-ақ ауқымды өзгерістер жолында бағыт ұстауға мүмкіндік беретінін атап өтті.