11 Тамыз, 2012

Алдын алу амалы артты

390 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алдын алу амалы артты

Сенбі, 11 тамыз 2012 7:35

Жегі құрттай жер бетін жалмаған сыбайлас жемқорлық әлемнің осы қалай деген елдерінің еңсесін түсіруде. Мұндай кесел­дің кесапатынан, амал не, біздің ел де сақтанып қала алмады. Етектен жабысқан жегі құрт төске өрлеп барады. Сондықтан, қазіргі күні сыбайласқан жемқорлыққа қарсы күрес қатаң жүргізілуде. Мәселен, үстіміздегі жылдың 1-тоқсанында ғана қаржы полициясы органдары 5 125 қылмысты тіркеді, оның ішінде 1 107-сі сыбайлас жемқорлық, 3572-сі эконо­микалық қылмыстар болып отыр. Ал осы қылмыстар бойынша келтірілген залал мөлшері 70 млрд. теңгені құраған, қазіргі таңда оның тек 29 млрд. теңгесі ғана тергеу барысында қайтарылды.

Міне, осы және басқа да өзекті мәселелер кеше Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбековтің төрағалығымен өткен ведомствоның алқа отырысында айтылды және онда алдағы кезеңге жаңа міндеттер белгіленді. Ведомство басшысы шағын және орта бизнес қызметін тек­серулердің санын және қызметкерлердің кәсіпкерлік субъектілерімен қатынастарының негіздерін азайту бойынша қабылданған ұйымдастырушылық шаралардың нәти­же­сінде бизнеске жасалатын қысым деңгейі айтарлықтай төмендегенін жеткізді.
Р.Түсіпбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі салааралық бағдар­ла­маға енгізілген өзгертулерге сәйкес «Қаржы полициясы органдары туралы», «Әкімшілік процедуралары туралы» заңдардың жаңа редакциядағы жобалары дайындала­тын­ды­ғын және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына өзгерістер мен толық­ты­рулардың енгізілетіндігін атап өтті.
Құқық шығармашылық қызмет шең­бе­рінде мемлекеттік органдарды мемлекеттік са­тып алулардың жеңімпазы туралы мағлұ­матты сатып алу жүргізілген соманы көрсете отырып, сайттарда орналастыруға мін­дет­тейтін өзгертулерді енгізу ұсынылды. Бұл жұртшылыққа сатып алынған тауарлар мен қызметтерді олардың нарықтық бағаларымен салыстыруға мүмкіндік береді.
Оған қоса, мемлекеттік сатып алулар саласында ашықтықты қамтамасыз ету үшін тендерлердің жеңімпаздарымен алынған мемлекет қаражатының қозғалысы туралы ақпа­ратты жалпыға қолжетімді ету ұсынылды.    Р.Түсіпбеков: «Коммерциялық ұйымдар, егер олар бюджет қаражатына жұмыс істегілері келсе, өздерінің қаржылық-шаруашылық қызметін толығымен ашуы қажеттігін түсіну керек», – деп атап өтті. Сонымен қатар, ол азаматтық қоғамның субъектілерін кеңінен қатыстыра отырып, сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыс­ты ширатуды талап етті.
Алқалы жиында аумақтық аттестаттау комиссияларының отырыстарын өткізу мен дайындау тәртібі де талқыланды.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».