16 Тамыз, 2012

Тәртіптік жауапқа тартылды

370 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тәртіптік жауапқа тартылды

Бейсенбі, 16 тамыз 2012 7:23

Алматы ауданының прокуратурасы «Аяжан» №18 бөбек­ха­насы МКҚМ, «Аққу» №7 бө­бек­­­ханасы МКҚМ, «Алтын бе­сік» №23 бөбекханасы МКҚМ, «Гүл­дер» №21 бөбекханасы МКҚМ, «Ақжелкен» №47 бө­бек­­ханасы МКҚМ қызметін тек­сергенде он­дағы меңгеру­ші­лер Қазақстан Республи­ка­сы­ның «Мемлекеттік сатып алу ту­ралы» заңының 11 және 31-баптарында қаралған мем­ле­кеттік сатып алу туралы шарттан жалтарғандары, сөйтіп сыбайлас жемқорлықпен күрес жө­­ніндегі және мемлекеттік сатып алу туралы заң талап­та­ры­ның бұзылғандығын анықтады.

Жоғарыдағы айтылған балалар бақшаларының меңгеруші­ле­рі аталған кемшіліктерге жол беру арқылы  сыбайлас жемқор­лыққа жағдай туғызған.

Осы тексерулер нәтижесі бо­йынша Алматы ауданының прокуратурасынан Астана қаласы білім беру басқармасы атына анық­талған кемшіліктерді тез арада жойып, жемқорлық құқық бұзушылық жасағандары үшін кінәлі адамдарды тәртіптік жа­у­апқа тарту туралы ұсыныс жіберілді.

Бұл ұсыныстың қорытын­ды­сы бойынша сыбайлас жем­қор­лық құқық бұзушылық жа­саған «Аяжан» №18 бөбекха­насы» МКҚМ, «Гүлдер» №21 бөбек­ха­насы» МКҚМ, «Ақжел­кен» №47 бөбекханасы» МКҚМ балалар бақшасы мекемесінің мең­­­геру­ші­лері сөгіс алса, «Ақ­қу»№7 бө­бекханасы» МКҚМ, «Алтын бе­сік» №23 бөбек­ха­насы» МКҚМ балалар бақшасы меңгерушілері жазаға тартылмады. Өйткені, олар қызметке жаңа кіріскен. Аталған кем­ші­ліктер бұрынғы меңгеруші­лер­дің әре­кетінен ту­ған заң бұзу­шылық болып табылады.

ГШЕГЕНОВ,

Алматы аудандық прокуратурасының әлеуметтік-экономикалықсаладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы.

Астана.