Аймақтар • 18 Сәуір, 2019

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы тағайындалды

1062 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының жаңа басшысы Сәуле Нұрғоржинаны таныстырды деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы тағайындалды

Сәуле Нұрғожина – Ақмола облысының тумасы 1974 жылдың 5 қарашасындадүниеге келген. 

Білімі жоғары. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, ҚР Қаржы полициясы академиясын тәмамдаған. Ол – мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі (ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы). 

Еңбек жолын 1991 жылы бухгалтер ретінде бастаған болатын.  2000 жылға дейін «Горкоммунхоз» МК аймақтық комитетінің төрайымы қызметін атқарды. Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің жетекші маманы, бас маманы болып жұмыс істеді. 2003 жылдан Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және кәсіпкерлікті қолдау бөлімін басқарды. 2005 және 2012 жылдар аралығында – Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы. 2012 жылы - Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының басшысы. 2012 және 2015 жылдар аралығында Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2015 және 2019 жылдар аралығында Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары болды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен (2011); «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен (2017); Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен  (2018) марапатталған.