Аймақтар • 18 Сәуір, 2019

Ақтөбе облысының әкімі Қытайдың CNРC топ-менеджерлерімен кездесті

926 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қытай CNРC топ-менеджерлерімен кездесіп, олардың алдына бірқатар міндеттер қойды. Кездесуде «PetroChina» компаниясының вице-президенті Ван Чжунцай мен Қазақстандағы «CNPC International» компаниясының бас директоры Биян Дыжы, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Вэй Юйсян болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақтөбе облысының әкімі Қытайдың CNРC топ-менеджерлерімен кездесті

Кездесу барысында аймақ басшысы өзінің алғысөзінде 21 жыл ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның 100 млн тоннадан астам мұнай мен 51 кубометрге жуық газ  өндіргенін атап өтті.  

«Соңғы 5 жыл ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-мен 500 млрд. теңге көлемінде инвестициялар тартылды. Компания жұмысын бастағаннан Үшінші Жаңажол газ өңдеу зауыты, Солтүстік Трува кен орнында кешенді сорғы станциясы, Мұнай дайындау жөніндегі №4 зауыт және  ірі инвестициялық жобалары іске асырылды» ,- деді Оңдасын Оразалин.

Аймақ басшысы компанияның басшылығына бірқатар міндеттер қойды: өндірістің экологиялық дұрыстығын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын құру және қолданыстағы қысқартуды болдырмау. Сонымен қатар, облыс әкімі мұнай-газ саласында жоғары білікті кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін атап өтті.

«PetroChina» компаниясының вице-президенті Ван Чжунцай аймақтық атқарушы биліктерге қолдау мен ынтымақтастық үшін ризашылығын білдіріп, оларды орындауға дайын екендіктерін білдірді.