Саясат • 18 Сәуір, 2019

Ұлыбритания министрі елорда туралы пікірін білдірді

885 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания министрі Сэр Алан Данкан Нұр-Сұлтанға жасаған сапары туралы пікірін білдірді. Бұл туралы Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ұлыбритания министрі елорда туралы пікірін білдірді

«Қазақстан Ұлыбритания үшін маңызды серіктес болып табылады. Осы сапар барысында біз Орталық Азиядағы және жалпы аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздік саласындағы Ұлыбритания мен Қазақстанның ортақ мақсаттарына қол жеткізу туралы талқыладық. Екі ел де екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және мықты коммерциялық байланыстарды, сонымен қатар, заңгерлік қызмет пен жоғары білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын.  

«Өткен жылы біз Орталық Азияда алғашқы ерекше құқықтық режиммен құрылған, ағылшын заңының принциптеріне негізделген Астана халықаралық қаржы орталығының ашылуын атап өттік. Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан бері Ұлыбританияның Қазақстанға салған инвестицияларының көлемі 20 миллиард фунт стерлингтен астамды құрайды. Қазақстандағы алты жетекші инвесторлардың бірі ретінде біз екі ел арасындағы тығыз байланыс одан әрі дамитынына және кеңейетініне сенімдіміз» деді Сэр Алан Данкан.