Қоғам • 19 Сәуір, 2019

Елордадағы 16 колледжге 1050 орындық мемлекеттік тапсырыс бөлінген

872 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне қарасты жұмыспен қамту орталығында тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордадағы 16 колледжге 1050 орындық мемлекеттік тапсырыс бөлінген

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі – 2019 жылға арналған техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды даярлайтын білім беру мекемелерінің тізімін бекіту; екіншісі – қысқа мерзімді білім алу үшін өтініш берген адамдардың тізімін бекіту. 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының баспасөз қызметінде белгілі болғандай, білім беру мекемелерінің тізімі 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек нарығының қажеттіліктерін есепке алына отырып құрылған. 

Комиссия шешімі бойынша 200 орын «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына, 150 орын – «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығына, 100 орын – «Дәнекерлеу», 100 орын – «Лифт шаруашылығы және экскалаторлар, лифт бойынша электромеханик», 75 орын – «Қуат көзімен қамтамасыз ету», 50 орын – «Тігін өндірісі мен киімді пішу», 50 орын – «Нан, макарон және кондитер өндірісі», 50 орын – «Маркетинг», 50 орын – «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу», 50 орын – «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғылардың, желдету мен инженерлік жүйелердің монтажы мен эксплуатациясы» мамандығына, сондай-ақ, 25 орыннан «Ғимараттар мен құрылымдардың құрылысы мен эксплуатациясы», «Газбен жабдықтау», «Ет және ет өнімдерін өндіру», «Жол қозғалысын ұйымдастыру», «Шаштараз және сәндік косметика», «Логистика», «Бұрғылау және металл өңдеу» мамандықтарына бөлінді.