Аймақтар • 19 Сәуір, 2019

Павлодарда «АRT-GARAGE» креативті идеялар орталығы ашылды

981 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

С. Торайғыров атындағы мемлекеттік университтің ректоры Г. Ахметованың айтуынша, «Аrt-garage»-қала ішіндегі шығармашылық оазис.

Павлодарда «АRT-GARAGE» креативті идеялар орталығы ашылды

Бұл формат Калифорнияның классикалық гараждары негізінде құрылды. Осы тектес орындарда «Apple», «Google» сияқты компаниялар пайда болған. Енді «Art-garage» атты коворкинг орталығы жастардың креативті идеяларын жүзеге асыруға арналған шеберханаға айналмақ.

Орталық құрамында бірнеше жобалық компаниялардың ІТ-мамандары, құрылыс және машина жасау саласындағы сәулетшілер мен сарапшылар бар. Бұл бірлескен жұмысқа арналған формалды емес алаң болып табылады. Бүгінгі таңда коворкинг орталыққа «TKR-Toraighyrov University» фирмасы мен арт-галерея орналасты.

- Бұл - студенттерге арналған алаң. Жастар заманауи технологияларды пайдаланып, жобаларын жүзеге асыра алады. Бұл жерде виртуалды шынайылық,  3D-голограммалар, байланыссыз бақылау ұсынылады, - дейді «TKR Group» компаниясының директоры Александр Шанькин.

Яғни, студенттер жаңа технологияларды меңгерумен қатар, оларды жобаларды жүзеге асыру барысында пайдаланады. Технологиялар оқу процесіне енгізіледі және ақпаратты тез игеруге мүмкіндік береді. Жаңа коворкингті ашу барысында «Білім берудегі виртуалды шынайылық» жобаларының тұсауы кесілді. Ветеринария, агрокешен салаларындағы әзірлемелер, дәнекерлеу тренажері, сонымен қатар, студенттердің өзге де жұмыстары көрсетілді.


ПАВЛОДАР

Суретті түсірген Руфина Торпищева