Спорт • 19 Сәуір, 2019

«Алматы марафонына» 17 мың адам қатысады

848 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2012 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келе жатқан «Алматы марафонының» белделі уақыт озған сайын арта түсуде. Бұл жолы айтулы бәсекеде 53 мемлекеттің өкілдері бақ сынайды.

«Алматы марафонына» 17 мың адам қатысады

«Жарыс түрлі қашықтықтар бойынша өтіп, көпшілік назарына «Экиден»» эстафетасын ұсынамыз. Бұл сайыста алты адам алма-кезек жүгіреді. Барлық қонақтарды жәрмеңкеге шақырамыз. Сол шараға тіркелгендер спорт пен туризм салаларында жұмыс істейтін көптеген компаниялар мен брэндтерді көріп,солардың жаңа өнімдермен таныса алады» , - дейді «Алматы марафонының» директоры Салтанат Қазыбаева.    

«Алматы марафоны» спорттық жәрмеңкесі Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында19-20 сәуір күндері сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Қазақстанның барлық өңірінен келген 30 спорттық экспонентер көпшілік назарына ұсынылады.

«Жәрмеңкеге түрлі ұйымдар, федерациялар, фитнесс-клубтар және спорттық құрал-жабдықтар, тамақ, киім-кешек өндірушілер қатысады. Қызықты бағдарламалар ұйымдастырылып, лоторея ойнатылады. Еуропадағы марафондарда 35-40 мың адамның жиналатыны белгілі. Ал «Алматы марафоны» биыл 17 мың желаяқтың басын қосқалы жатыр. Солардың 1,5 мыңы түрлі компанияларда жұмыс істейтін шетелдік азаматтар», - дейді осы шараны ұйымдастырушылардың бірі Багаудин Беков.

Алматы полициясы департаменті, қалалық спорт басқармасы және «Смелость быть первым» корпоративтік қоры марафон аяқталғанға дейін шаһардағы кейбір көшелердің жабылатынын ескертеді.