Аймақтар • 19 Сәуір, 2019

Жастар жылында жаңалық көп

1233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкім­дігінің «Астана жастары» ком­муналдық мемлекеттік ме­ке­месі елорданың белсенді жас­тарын бір ортаға жинап, биылғы Жастар жылын өткізу жоспарын талқылады.

Жастар жылында жаңалық көп

Кездесудің мақсаты – «Ас­тана жастары» жастар ресурс­тық орталығы мен қала әкімі ұсынған «Jastar Synergy» жас­тар хабын дамыту жоспарын талқылау. Кездесуге 30-дан ас­там жас қатысып, жаңа ко­воркинг-орталық жөнінде өз ой­ларымен бөлісті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған коворкинг-орталық қала­мыздағы ЖОО­­ мен орта арнаулы оқу орын­да­рының, мектеп оқу­шы­ларының басын бір ортаға бірік­­тіретін ауқымды алаң бо­лады.

Бұл жер­де «Астана жас­тары» жас­тар ресурстық ор­талығының ал­­дағы уақытта жастарға да­йындап жатқан жобалары жа­йында ой бө­ліс­­ті. Әрі жаз мезгілінде «Жас­тар» са­ра­йының бірін­ші және екінші қабатын жас­тар­ға арналған «Jastar Synergy» жас­тар ко­воркингін ашу жос­парлануда. Бүгінгі бас­қосуда осы ор­­талықтың қандай жұ­мыс­пен айналысатыны туралы да хабардар етілді. Қыс­қа­ша айтқанда, коворкингте жас­тарға қызмет көрсету ор­талығы яғни, құқықтық көмек беру немесе қалай өз кәсібін ашуға болатыны жайында жан-жақты ақпарат береді. Бұл коворкингтің ерекшелігі, қаламыздағы ЖОО мен орта арнаулы оқу орындарының, мектеп оқушыларының басын бір ортаға біріктіретін ауқымды алаң болатынында», дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бө­лімінің маманы Арайлым Серікқызы.