25 Тамыз, 2012

Уақытпен үндес

290 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Уақытпен үндес

Сенбі, 25 тамыз 2012 6:07

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық дейміз. Ал еліміздің Конституциясы бойынша Қазақстан халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп тану мемлекет пен оның органдары халықтың қалауы бойынша қалып­тасатынын білдіреді. Бұл орайда Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаң­ғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты барша қазақ­стан­дықтарға арналған бағдарламалық тапсырмаларымен Ішкі әскерлердің барлық жеке құрамы да ықылас қоя танысып шықты. Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы халыққа арнаған Жол­дау­ларында қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқ­та­лып, еліміздің оң бағыттарына, жасампаздық дамуына көбірек көңіл бөліп келеді. Елбасы­мыз­дың жоғарыда аталған бағдарламалық мақала­сын­да да осы мәселелер жалғасын тапқан.

Сенбі, 25 тамыз 2012 6:07

Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық дейміз. Ал еліміздің Конституциясы бойынша Қазақстан халқын мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп тану мемлекет пен оның органдары халықтың қалауы бойынша қалып­тасатынын білдіреді. Бұл орайда Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаң­ғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты барша қазақ­стан­дықтарға арналған бағдарламалық тапсырмаларымен Ішкі әскерлердің барлық жеке құрамы да ықылас қоя танысып шықты. Мемлекет басшысы өзінің жыл сайынғы халыққа арнаған Жол­дау­ларында қоғамдағы өзекті мәселелерге тоқ­та­лып, еліміздің оң бағыттарына, жасампаздық дамуына көбірек көңіл бөліп келеді. Елбасы­мыз­дың жоғарыда аталған бағдарламалық мақала­сын­да да осы мәселелер жалғасын тапқан.

Елбасы Ата Заңымыздың талаптарына сәй­кес әрбір қазақстандықтың, оның ішінде әскери қызметшілердің де жүрегінен жол табатын мәні зор мәселелерді көтеріп қана қоймай, оларды шешудің жолдарын ұсынып, Үкіметке нақты тапсырмалар берген. Аталған бағдарламаның өзегі – еңбек ету, еліміздің әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық дамуы болғандықтан, мұнда айтылған әр­бір ұсыныс пен пікір саналы жастарға ой салары сөзсіз.
«Менің назарымдағы басты мәселе – әр қаз­ақ­­стандыққа қамқорлық көрсету. – Және бұл қа­жет­тілік болып табылады, өйткені әлеуметтік мә­селелерді шешуге еліміздің барлық азамат­та­рының өмірі мен күн сайынғы өзін-өзі сезінулері тәуелді» деп атап көрсетеді Мемлекет басшысы. Сондықтан адал еңбекке ынталандырудың жолын көрсеткен Елбасы, қоғамдық ынталан­дыру­дың жүйесін құруды әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелері екеніне баса назар аударады. Қарапайым сөзбен айтқанда, еңбек ар­қы­лы әрбір қазақстандық азамат қоғамда болып жат­қан өзгерістерге қатысып, өзі де елдің өркен­деуіне өзіндік үлесін қосады.
Ал әскери қызмет, әскери қызметшілердің мәр­тебесі мен олардың отбасы мүшелерін әлеу­меттік қорғау және басқа да әскерилерге қажетті заңдардың бәрі, Ата Заңымыздан бас­тап ел қорғау жолында жүрген азаматтардың құ­қығын қорғайды. Жыл сайын әскери қыз­метшілердің еңбек жалақылары да өсе түсіп, заман тірлігінен қалмауға үлкен қолдау көр­сетіп отыр. Мұның бәрі сөз жоқ, Елбасымыз – Қарулы Күш­тері­міздің Жоғарғы Бас қол­бас­шысы Н.Ә.На­­з­ар­баевтың әскерилерге жасап отырған қамқорлығының арқасы деп білеміз.
Жалпы, ел қорғау, жастарды қазақстандық пат­риотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікпен тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау Елбасымыздың үнемі басты назарында. Оны кеше ғана Лондонда өткен Олимпия ойын­да­ры­ның барысында да көз жеткіздік. Елбасымыз айтулы спортшыларымызды әлемдік сынға аттандырар алдында, еліміздің көк туын жел­бі­ре­тулеріне, намысты қолдан бермеулеріне тілектес болған еді. Спортшыларымыз ерледі. Оларды енді қалай мақтасақ та жарасады. Әлемдік додада тұңғыш рет жеті алтын, бір күміс, бес қола медаль жеңіп алып Қазақстан өзінің қарыштап алға басып келе жатқанын тағы бір рет дә­лел­деді. Осы он үш медальдің алтауын Ішкі әс­кер­дің әскери қызметші-спортшыларының жеңіп алғаны біз үшін үлкен мақтаныш.
Спортта осындай үлкен жетістіктерге жетіп отырған әскеріміз күнделікті қызметтерін де абыроймен орындап келеді. Қазіргі уақытта Ішкі әскерлер Ішкі істер министрлігі қылмыстық-ат­қару жүйесінің 50 түзеу мекемесін күзетеді және ішкі істер органдарының полиция қызмет­кер­ле­рі­мен бірге еліміздің 19 қаласында көше тәртібін қамтамасыз етеді.
Ішкі әскер тарихында қырағылық пен батыл­дықтың үлгілері көптеп саналады. Соңғы екі жыл ішінде ғана әскери борышын атқару кезінде жан­қиярлық пен батылдық көрсеткені үшін Ішкі әс­кер­дің ондаған әскери қызметшілері Елбасы Жар­лығымен мемлекеттік наградаларға ие болды. Олардың арасында ІІІ дәрежелі «Айбын» ор­денімен марапатталған қатардағы Ербол Отарбаев бүгіндері Ішкі әскерлердің Петропавлдағы Әс­кери институтында оқиды. Жауынгерлік намыс туын жоғары ұстаған жастарымыз осындай ер­ліктің үлгі-өнегелерін көрсетуді жалғастырып ке­леді.
Патриоттық тәрбие бағытындағы шараларды жыл бойы өткізу, жас сарбаздарды ерлік дәс­тү­рі­не тәрбиелеу – игі істеріміздің бірі. Соңғы жылдары Теміртау, Талдықорған қалаларында және Қаракемер кентінде ерлікке тағзым ететін ес­керткіштер ашылып, жас сарбаздардың әскери ан­тын қастерлі орындарда қабылдау жақсы дәс­түрімізге айналды.
Ішкі әскердегі жастарымыз – ол қатардағы жас сарбаздар мен сардарларымыз, Әскери инс­ти­тутта оқып жатқан курсанттарымыз, сондай-ақ әскери бөлімдер мен құрамаларда қызмет етіп жат­қан келісім-шарттағы әскери қыз­мет­ші­ле­рі­міз. Олай болса, барлық буындағы жастарымыз бүгінгі күннің талаптарын, Елбасы саясатынан туын­дайтын барлық мәселелерді жауап­кер­ші­лік­пен түсінуі тиіс.
Міне, Ата Заңымыздың айтулы мерекесі қар­саң­ында жарияланған Елбасының «Қазақ­с­тан­ның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Ең­бек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын ойлар осындай. Уақытпен үндес ұсыныстың болашаққа бастайтын баспалдақ екені сөзсіз. Әскерилердің қажырлы еңбегі – ол Отанға абыройлы қызмет.
Әбдісадық ЕРЕЖЕПОВ,
ІІМ Ішкі әскерлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары.

Астана.