Қазақстан • 19 Сәуір, 2019

Цифрлы фермалар көбейеді

995 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аграрлық өнеркәсіп кешенін цифр­лан­ды­рудың нәтижесінде еңбек өнімділігі мен экспортқа шығарылатын өнім көлемі кемінде 2 жарым есе ұлғаюға тиіс. Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директоры Кенже Абдуллаев осылай деді.

Цифрлы фермалар көбейеді

Оның айтуынша, АӨК-ті цифрландыру шараларының аясында елімізде 20-дан астам цифрландырылған ферма, 4 мыңнан астам озық дамыған ферма пайда болады. Ауыл шаруашылығы министрлігі цифрлы ферма, дамыған ферма және базалық ферма деген үш түрлі деңгейді қарастырып отыр. Осы үш деңгейдегі фермалардың әрқайсысына тән артықшылықтары болады. Облыс әкімдік­те­рі­мен бірлесіп жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда 114 дамыған ферма мен 10 цифрлы ферма бар.

– Бұл – жақсы бастама. Дегенмен, әкім­дік­тер шаруашылықтардың цифрлы дамуына мем­лекеттік шаралар арқылы одан әрі қолдау көр­сетуге тиіс, – деді К.Абдуллаев.

Осы жиында айтыл­ған­дай, суармалы егін алқап­­тарын ұлғайтуға да минис­трл­ік тарапынан ерек­ше маңыз беріліп отыр. Бүгінгі таңда рес­пуб­­лика бойынша суармалы алқаптардың жалпы аумағы – 1,4 миллион гектар, яғни барлық егін алқабының 7 пайызы шамасында. Алдағы уа­қытта оны 3,5 миллион гектарға жеткізу керек. К.Абдуллаевтың айтуын­ша, қазақстандық фер­­мер­лердің осы суарма­лы жерлерден алатын өні­мі­нің көлемі шетелдік фер­мер­лердің өні­мінен 2,4 есе аз көрінеді. Дегенмен, тиісті ин­же­нерлік жұмыстар жүр­гі­­зіліп, заманауи техно­ло­гия­лар енгізілгеннен кей­ін отандық фер­мерлер де Израиль­дегі шаруалар сияқты мол өнім алатын болады.