Аймақтар • 19 Сәуір, 2019

Семейге Гүлшара Әбдіхалықова бастаған үкіметтік топ жұмыс сапарымен келді

784 реткөрсетілді

Қаладағы Жедел медициналық Жәрдем ауруханасына ат басын тіреген жұмыс тобына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов осында атқарылып жатқан жұмыстарды таныстырды.

Премъер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтарға облыс басшысы бұл аурухана жақын арада халықаралық JCI стандарты сертификатына тапсыратындығы туралы айтып өтті.  Сол арқылы бұл аурухана әлемдегі ең үздіктер қатарына өтетін болмақ. Ал мамыр айында ауруханада гибридті операция жасайтын зал ашылады.

- Біз операция жасайтын залды халықаралық стандартқа сай жабдықтап отырмыз,-деді облыс әкімі Даниал Ахметов,-мына жерде арнайы орнатылған ангиграф бар. Бұндай ангиограф Қазақстанда да, Ресейде де жоқ. Гибриді операция өткізілетін залда жылына 3 мың операция жасалмақ. Бұл жоба жүзеге асуы үшін 1,8 млрд теңге бөлінді.

Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мен Денсаулық министрі Е. Біртановтарға облыстағы денсаулық сақтау саласының 2017-2019 жылдарға арналған бағдарламасы жайлы да таныстырып өтті.

- Жоғары технологиялық құрал-жабдықтардың қатарын медицина саласының дамуына орай көбейтіп жатырмыз,-деді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова,-соңғы 3 жылда бұл 2,5 есеге өсті. Биыл халықаралық аудит аясында жүргізілген медициналық құрал-жабдықтармен қамтудағы жоспарға сай 4,9 млрд теңге бөлінді. Соңғы үш жылда медициналық соңғы заманауи технологиялармен қамту үшін бөлінген қаржы  23,4 млрд теңге болып отыр. Және осыған орай медициналық мамандарды да білікті етіп дайндау үшін шетелдерге оқуға жіберудеміз. Үш деңгейлі оқудан өту үшін медицина қызметкерлерінің дайындығына 3,7 млрд теңге бөлінді. 4080 дәрігер әлемдегі 157 ең үздік деген емханада оқып келді.


Раушан НҰҒМАНБЕКОВА                  

«Еgemen Qazaqstan»

суретті түсірген автор

СЕМЕЙ

Семей

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Менің атым Қожа» – Лондонда!

Руханият • Бүгін, 12:09

Бас жүлдеге бергісіз жеңіс

Руханият • Бүгін, 09:42

«Ролан Гаррос» басталды

Теннис • Бүгін, 09:37

Ғылымға бетбұрыс

Қоғам • Бүгін, 09:12

Капитан қызы – Маша

Руханият • Бүгін, 08:57

Интернет қатерлері

Қоғам • Бүгін, 08:53

Ұқсас жаңалықтар