19 Сәуір, 2019

Ресей мен Тәжікстанның бас консулдары Қызылордаға келді

860 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясының Бас консулы Евгений Бобров пен Тәжікстан Республикасының Бас консулы Баходур Назир Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

Ресей мен Тәжікстанның бас консулдары Қызылордаға келді

Сапар барысында олар қаланың сол жағалауындағы құрылыс барысымен және ахуалдық орталықтың жұмысымен танысып, аймақтық IT-парк пен Қызылорда облыстық өлкетану мұражайында болды.

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевпен кездесу барысында түрлі салалардағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

- Сіздердің өңірлеріңізді аралап көргендегі әсерім өте жақсы. Қаланың даму қарқыны, болашағы мықты екенін аңғардым. Облыс әкімі аймақтың мектеп түлектері ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жатқанын айтты. Аймақ басшылығы халықтың өмірін жақсартуға тырысатыны айқын көрінеді, – деді РФ Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобров.

Ал, Тәжікстанның Алматыдағы Бас консулы Баходур Назир:

- Облыс әкімімен кездесуде біз ынтымақтастықтың бірқатар маңызды мәселелерін талқыладық. Алдағы уақытта екі елдің мәдениетімен танысу үшін екі ел арасында туризмді нығайтып, бірлесе жұмыс істейтін боламыз, - деді.

Соңғы жаңалықтар