Руханият • 19 Сәуір, 2019

Айтыскер ақындар Қазақстанның 22 қаласында тур өткізеді

1447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ұлы дала ән мен жыры, ақындықтың жеті қыры» атты республикалық тур 25-сәуір Талдықорған қаласында басталады. Бұл туралы ortcom.kz хабарлады.

Айтыскер ақындар Қазақстанның 22 қаласында тур өткізеді

Кештер легі Семей, Павлодар, Ақтау, Қарағанды, Жаңаөзен, Петропавл, Орал, Тараз - бас-аяғы 22 қалада жалғасын табады деп жоспарлануда.

«Республикалық тур Бұл ауқымды жобаның ең басты мақсаты - қазақ халқының арасында, қазақ жерінің түкпір-түкпірінде айтысты кеңінен бағыштау. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында көрсетілген басымдықтар қазақ халқының төл өнеріне, фольклорына қатысты. Ал соның ішінде айтыс өнері ерекше орын алады. «Ұлы дала ән мен жыры, Ақындықтың жеті қыры» жобасының аясында айтыс өнерінің өткеніне тағзым беріліп қана қоймай, қоғамдық сананы модернизациялау барысында айтысты бүгінгі заманның келбетіне қалай икемделетіні, жаңғыруына қандай үлес қосатыны ашылады», - деді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Орталық коммуникациялар қызметінде.

Әр қалада өтетеін турда еліміздің белгілі ақын айтыскерлері – Балғынбек Имаш, Айнұр Тұрсынбаева, Сара Тоқтамысова, Жандарбек Бұлғаков өнерлерін көрсетеді.