«Сайлау жарияланғаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы Білім министрлігімен, жетекші оқу орындарының ректорларымен бірнеше кеңес өткізді. Осы кеңестердің қорытындысында Орталық сайлау комиссиясының жанынан құрылатын Лингвистикалық комиссияның құрамына мына азаматтарды ұсынамын: Мырзатай Жолдасбеков - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркология кафедрасының меңгерушісі; Әділ Ахметов - филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі; Ғарифолла Есім - философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі; Серік Қасқабасов - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі; Гүлтас Құрманбай - филология ғылымдарының докторы, профессор, Назарбаев Университеті жанындағы «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының директоры; Ерден Қажыбек - филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының директоры. бұл азаматтардың барлығы да қазақ тілі мен әдебиеті саласындағы ғалымдар» деді комиссия мүшелерінің тізімін жария еткен ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен. Оның атап өтуінше, Лингвистикалық комиссияның отырысы ашық және жариялы түрде өтетін болады.