«Оның ішінде білікке түскен салмақты өлшейтін таразылары Шиелі тас және Казчинур мекемелерінде орнатылған. Жүк жөнелтушілер тарапынан жүктің тауар көлік жүкқұжаты үнемі ұсынылуы және салмақтық, габариттік параметрлерін ҚР Заңнамасында белгілінген параметрге сай жүктерді тиеуі бақылануда», - деді Г. Пірназарова.
Сондай-ақ, инспекция тарапынан бақылау жұмыстарының нәтижесінде Қызылорда облысындағы «КДСМ Кыран» ЖШС, «УАД» ЖШС, «Қызылорда жолдары» ЖШС, «Шиелі Тас» ЖШС, «Мелиоратор» ЖШС ірі мекемелері қытай автокөліктерінен инертті материалдары тасымалдау балама түрінде ұсынылған темір жол көлігіне және 15 тоннаға дейінгі «Камаз» маркалы жүк автокөліктеріне ауысқан. 2019 жылы 190 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 8 млн-ға жуық айыппұл салынды.