Шарипова өзінің Instagram парақшасында Кларесс Шилдске қазақтардың әйелдерге қарым-қатынасының қандай екенін түсіндіріп, егер жекпе-жектің болғанын қаласа өзінің қарсылас бола алатынын жеткізді.
«Шилдс, сәл төмен түс, қазақтар әйелдерді ұрмайды. Геннадий Головкин мәдениетті, тәрбиелі адам.
Егер қазақстандық бокс мектебінің қандай екендігін білгің келсе, сенімен жекпе-жекке дайынмын. «Рокки-4» фильмін көріп пе едің? Рокки Бальбоа Иван Драгоға қарағанда жеңіл болғанына қарамастан жеңіп шықты. Бойымыз бен салмағымыздың айырмашылығына қарамастан сені жеңетініме сенімдімін», - деді спортшымыз.