30 Тамыз, 2012

Айбарымыз, ардағымыз

279 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Айбарымыз, ардағымыз

Бейсенбі, 30 тамыз 2012 7:30

Қазақстан Республикасының тәуелсізмемлекет ретіндегі 1993 жылғықабылданған тұңғышКонституциясының тарихи маңызызор болдыҚазақстандыдемократиялықзиялы және біртұтасмемлекет деп жариялаған бұлКонституция демократиялық бағытұстанған жаңару кезеңініңКонституциясы болдыАлайдабұлКонституцияда ҚазақстанныңРеспуб­лика екені көрсетілмеген едіжәне республика қызметінің түбегейліпринциптері айқындалмағанболатынОл тұста Қазақстанда президенттік те, парламенттік те республиканың белгілері болды. Оған қоса нарық экономикасына байланысты күнделікті туындап отырған талаптарға, оны іске асыру мақсаттарына, мемлекет ұстануға тиіс жаңа ағымдағы стратегиялық бағыт-бағдарына толық жауап бере алмады.

Бейсенбі, 30 тамыз 2012 7:30

Қазақстан Республикасының тәуелсізмемлекет ретіндегі 1993 жылғықабылданған тұңғышКонституциясының тарихи маңызызор болдыҚазақстандыдемократиялықзиялы және біртұтасмемлекет деп жариялаған бұлКонституция демократиялық бағытұстанған жаңару кезеңініңКонституциясы болдыАлайдабұлКонституцияда ҚазақстанныңРеспуб­лика екені көрсетілмеген едіжәне республика қызметінің түбегейліпринциптері айқындалмағанболатынОл тұста Қазақстанда президенттік те, парламенттік те республиканың белгілері болды. Оған қоса нарық экономикасына байланысты күнделікті туындап отырған талаптарға, оны іске асыру мақсаттарына, мемлекет ұстануға тиіс жаңа ағымдағы стратегиялық бағыт-бағдарына толық жауап бере алмады. Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы қайшылықтарды реттеу тетіктері де нақтыланбаған болатын. Қысқасы, жүйелі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістерге негіз болуға осалдық танытты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бас­­тамасымен осы бір кезек күттір­мес күрделі мәселеге тез арада бел шешіп кірісу міндеті тұрды. Әбден сарапталып, сұ­рыпталған Конституция жобасы халық тал­қысына шығарылды. Конституция жобасын талқы­лауға бүкіл халық бар ынта-ықыласымен қызығу­шы­лық танытып, атсалыс­қаны есі­мізде. Өйтке­ні, Негізгі Заң әрбір жекелеген аза­маттың өмірдегі қа­рым-қатына­сы­ның, күнделікті іс-әрекетінің негізі, ол бүкіл елі­міздің бітім-болмысы. Консти­туцияның 1-бабында «мем­­ле­кет­тің ең қымбат қазы­насы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бос­тандықтары», деп атап көр­сетілген. Конституция жо­­басының бүкілхалықтық талқы­лаудан өтуі­нің өзі әрбір адам­ның жеке құ­қығына берілген еркіндік деп се­зінген ел, жаңа Конституцияны қанағаттан­ған­дық сезіммен қа­был­дады. Осы­ған орай жаңа Конс­ти­туцияға Адам құқығы жөніндегі бүкіл­әлемдік декларацияға сәй­кес­тен­діріліп отыз баптан тұра­тын «Адам және азамат» атты жаңа бөлім қосылғанын риза сезім­мен айта кеткіміз келеді.

Расында, 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституцияны тә­уел­сіздіктің алғашқы жыл­­дарын­да­ғы ең үлкен жетіс­тігіміз деп ба­ғаласақ артық айт­қандық емес. Өйткені, бі­рінші­ден, Конс­ти­туция­ның екін­­ші бабы айқын белгілеп бергендей, Қазақстан Рес­публикасы прези­дент­тік бас­қару ныса­нын­дағы біртұтас мем­лекет боп танылды. Қазақ­стан президенттік рес­пуб­лика болып жарияланып, пре­­зи­дент­тік бас­қару жүйесі нақ­тылан­ды. Бұл дер кезінде қабыл­­­данған өте дұрыс шешім болды. Өйткені тап сол тұста қо­ғамды саяси, әлеуметтік және экономи­калық дағ­­дарыстан алып шығу үшін күшті әрі топтасқан билік жүйесі аса қажет еді.

Екіншіден, жаңа Конституция бойынша мемлекеттік бір­тұтас билік заң шығарушы, атқарушы және сот билігі боп үш тармаққа бөлінді. Ата За­ңымызда осы үш билік тар­мағының өзара және мемлекет басшысының билік тармақ­та­рымен ара қатынасы нақты­ланды.

Үшіншіден, көп партиялық негіздегі саяси жүйе қалып­тасты, парламентаризмнің негізі қала­нып, қос палаталы Парламент дүниеге келді. Соның нә­ти­­же­сінде бүгінде кәсіби ше­берлігі шыңдалған Парламентте қоғам игілігіне қызмет етіп жатқан жүз­деген жаңа заң­дар қабылдануда.

Төртіншіден, Конституцияға жер­­гілікті мемлекеттік басқару жә­не өзін-өзі басқару бөлімінің енгі­зілуі де халықаралық үрдіс­терге сай келеді. Жергілікті өзін-өзі бас­қару институтының танылуы – әр­бір азаматтың өз ой-жоспарларын жү­зе­ге асыру, аза­маттық бастама­шыл­дығын көр­­­сету мүмкіндігі болуын, жер­гі­лікті маңыздағы мәсе­ле­лерді ха­лық­­тың дербес шешуін қамта­ма­сыз ету деген сөз. Бұл жа­ңа Конс­титуцияның жетістігі болды.

Бесіншіден, сот жүйесін қа­лып­тастырудың айқын ереже­лері белгі­ленді. Соттар мен судьялар­дың мәр­тебесі заңнама тұрғы­сын­да анық­талып, ол сот тө­ре­лігін жү­зеге асы­рудың құ­қықтық кепіл­дік­терін ны­ғайтты. Елімізде қар­қын­ды түрде сот реформасы жүріп жатыр. Со­ның нәтижесінде бүгінде озық елдер үр­дісі мен үлгісіне бой ұрған тәуелсіз сот билігі, сон­дай-ақ сот төрелігін жүзеге асырудың өрке­ниетті жү­йесі қалыптасты. Сот жүйесін жетіл­діру жолын­дағы бар­лық игі шаралардың бастауы сот рефор­масының өзекті бағыт­тарын ай­қындап берген Ата Заңымызда жатыр.

Ата Заңның нормаларын бас­шы­­лыққа алып, демократиялық не­гізде болашаққа қадам басқан Қа­зақстан Республикасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көш­бас­­­шылығымен аз жылдар ішінде толайым табыстарға қол жеткізді. 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға, 2011 жылы Ислам Ынтымақ­тастығы Ұйы­мына жемісті төр­ағалық еткен Қазақстан Ресей, Беларусьпен  бірге тауар­лардың, қызметтердің, еңбек ресурсы мен капиталдың ортақ рыногына жол ашатын Біртұтас эконо­микалық кеңістік құрды. Адамзат өмірінің қауіп­сіздігін басты құн­дылық деп ұқ­қан Қазақстан ядро­лық қару­сыз­дану бастамасын ал­ғашқы боп көтеріп, жа­ңашыл бас­тама­лар­дың үлгісіне және ұйыт­қысына айналды.

Еліміздің арқа төсіндегі Ас­танасы – халықаралық деңгейде ке­лелі кеңестер өткізетін келісті ордаға айналды. Әріні айтпа­ған­да, соңғы 2-3 жыл көлемін­дегі Астанада өткен ЕҚЫҰ Сам­миті 85 елден өкілдер қа­тысып, қар­жы рыногын реформалау, эко­номи­калық қауіп­сіздік, азық-түлік қауіп­сіздігі және баға тұрақ­тылы­ғы, кедей­лік пен елдер арасын­дағы тең­сіздікті тө­мен­дету, бола­шаққа қажетті ықпал­дастық мәселе­­лері алқаға салынған эко­номи­калық форум, діни дүрда­раз­дық, көзқарас­тар қайшы­лы­ғын ұмы­тып өзара ор­тақ шешім алу және мәдени алма­суға қыз­мет ете­тін, сондай-ақ на­ным-се­нім әлеуе­тін жақ­сылыққа, адамзат үшін пайдалы іске жұмсауға ша­қыратын әлем­дік және дәс­түр­лі діндер көш­басшыла­ры­ның съе­зі Ас­тана даң­қын, Қа­зақ­стан­ның беделін асыра түсті. Тәуелсіз еліміздің бұл же­тіс­тіктерін әлеу­меттік саладағы табыстар толық­тыра түскенін айтуға тиіспіз. Астана мен Алматыда алауын жаққан қысқы Азия ойындары Қазақ­стан спорт­шыларының ақ­жол­­­тай тұ­сауын кесті, ел тарихында тұң­ғыш рет тіркелген Лондон Олим­­­­пиадасындағы толайым та­­­быстар – осы жаңалықтардың заңды жалғасы, экономикалық-әлеуметтік даму әле­у­е­­­тіміздің нақты көрсет­­кіші деуге болады.

Қазақ «еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп, еңбекті тіршілік өзегі ретінде танып, оны жоғары орынға қойып келген ха­лық. Конституциямызда кез келген адамның еңбек ету бостандығына, еңбек ету жағ­дайына құқық бе­ріледі. Халқы­мыздың еңбексүйгіш пәл­­­сапсы, Ата Заңымызда еңбек етудің нақты аталуы бүгінгі таңда Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақ­стан­­ның әлеуметтік жаң­ғыр­тылуы: Жалпыға Ортақ Ең­бек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақала­сының өзегі деуге болады. Мақа­лада «Бо­лашақта XXI ғасырда тек Еңбек қана барлық қазақ­стандықтардың әл-ауқатқа және жаңа өмір сапасына қол жеткізе алуын қамта­масыз ете алады» делінеді, бұл – қа­зақ­стан­дық­тардың жақсы тұрмы­сын одан әрі арттыруға бастайтын идея.

Бекет ТҰРҒАРАЕВ,

Заң ғылымдарының докторы,

профессор.

Маңғыстау облысы.