Ел болдық еңселі
Бейсенбі, 30 тамыз 2012 7:32
Биыл егемен еліміздің Ата Заңына 17 жыл толады. Бұл жылдар аралығында еліміздің туы көкке көтеріліп, мемлекетіміздің мәртебесі сан рет асқақтап, Елбасымыздың ерен ерлігі мен ел ертеңі үшін атқарған жұмыстары айқын да анық көрінді. Елде еркін даму үдерісі жолға қойылып, азаматтардың құқықтары тиісті деңгейде қорғалуда. Мұның өзі мемлекетіміздің қамқорлығы мен іргелі істердің бастау көзі екені сөзсіз. Кез келген ел секілді біздің де құқықтарымыз бен жауапкершіліктеріміз тең дәрежеде даму үстінде. Заңғар жазушымыз Әбіш Кекілбайдың «бодандық көбейсе өкініш көбейер, бостандық көбейсе жауапкершілік көбейер» деген даналы сөзі әрбір мен қазақпын деген ұлт баласының жүрегінде мәңгі сақталатыны сөзсіз. Сондықтан ауылдастарым мен отандастарыма Ата Заңымыздың қадірін түсіне біліп, еселі еңбектерін бағалай білсек деген тілегім бар. Ел ертеңі жастарға айтарым Ата Заңымыздың қанаты халық дегім келеді.
Аллаберген ҚОНАРБАЕВ,
«Жас Отан» ЖҚ Маңғыстау
аудандық өкілдігінің атқарушы хатшысы.
Маңғыстау облысы.