Аймақтар • 20 Сәуір, 2019

Талдықорған маңында жер сілкінді

1119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Көксу ауданында жер сілкінді

Талдықорған маңында жер сілкінді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жер сілкінісі 01 сағат 52 минутта тіркелген. 

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 182 шақырым жерде, Көксу ауданының аумағында  орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты - 9.8. MPV магнитудасы - 4.5, тереңдігі - 20 км. Ведомствоның мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі тұрғындарға сезілмеген.