Аймақтар • 20 Сәуір, 2019

Нұрлан Ноғаев: Жастар тәжірибесіне квота санын көбейту керек

793 реткөрсетілді

Атырауда жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жиналысқа мемлекеттік органдардың басшылары, облыстық ардагерлер кеңесінің, қоғамдық және кәсіподақ ұйымдарының, жастар бірлестіктерінің мүшелері мен студенттер қатысты.

- Елімізде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,8%,  ал біздің өңірде- 2,4%. Бүгінде облыстағы студенттер «Мәңгілік ел», «Жастар индустрияға», «Серпін-2050» бағдарламалары бойынша білім алып жатыр. Жүзден астам мекеменің басшыларымен кездесіп, жұмыспен қамту бағдарламалары бойынша түсінік жұмыстарын жүргіздік. Басқармаға да мекемелерден сұраныстар түседі. Биыл жастар тәжірибесімен мекемелерге 1000 жас барады. Өткен жылы 1186 адам оқытудан өтіп, 511-і жұмысқа орналасты,-деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Серік Қамидолла.

Облыс әкімі күн тәртібіндегі тақырып бойынша тапсырмалар берді.

-Жастар тәжірибесі- тиімділігін көрсеткен жоба. Өткен жылы оған мыңнан астам жас қатысып, жартысы жұмысқа орналасты, бұл жақсы көрсеткіш. Облыста 12 мыңнан астам мекеме бар, студенттер соларда білім ала отырып, өндіріске араласуға, өздерін жетілдіруге мүмкіндік алады. Жоқ дегенде 2-3 мың кәсіпкер университет бітірген жастарға тәжірибеден өтуді ұсынады, оларға еңбек ақы жергілікті бюджет есебінен төленеді. Егер жас қызметкер өзін жақсы қырынан көрсетсе, жұмысқа қалдырады. Енді неге квота санын көбейтпеске? ЖОО бітірген жастардың мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқандары жақсы,-деді аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, Атырау облысының әкімі құзырлы органдарға жұмыссыздықтың алдын алу үшін әр жас тәжірибеден өтушіні жеке бақылауға алуды тапсырды.

- Кезінде Елбасы әр мектеп түлегін бақылауда ұстауды тапсырған болатын. Кім қандай мектепті бітірді, қандай оқу орнына түсті, қандай қызметке орналасты? Егер жұмыссыз болса,  немен айналысуда? Бұл аудан басшыларының, ауыл әкімдерінің, оқу орындарының жұмысы. Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға бағытталған шаралар,-деді Нұрлан Ноғаев.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар