20 Сәуір, 2019

Нұрлан Ноғаев «Бейбарыс» хоккей клубын жеңісімен құттықтады

1141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстанның төрт дүркін чемпионы «Бейбарыс» хоккей клубын қабылдады,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Нұрлан Ноғаев «Бейбарыс» хоккей клубын жеңісімен құттықтады

- Мүмкіндігіме қарай сіздердің ойындарыңызды барып көрдім. Жеңістеріңізбен құттықтаймын. Сіздер Қазақстанның төрт дүркін чемпионысыздар. Бұл үлкен еңбек. Жеңістеріңізбен балалар мен жасөспірімдер тобындағы 120 балаға жігер беріп келесіздер, олар біздің кадрлық әлеуетіміз,-деді облыс әкімі.-Сәттілік серіктеріңіз болсын. Физикалық, моральдық күштеріңіз алдағы жеңістеріңізге де жетуін тілеймін.

Клуб басшылығы, бас жаттықтырушы және жеңімпаз команда ойыншылары аймақ басшысына қолдау көрсеткені үшін алғыстарын айтып, команданың бірлігі жетістіктерге бастағанын атап өтті. Жеңімпаздар аймақ басшысына клубтың фирмалық киімі мен ойыншылардың қолтаңбалары бар хоккей таяғын сыйға тартты.

Еске салсақ, 11 сәуірде өз мұз айдынында астаналық «Номадты» овертаймда 3:2 есебімен ұтқан болатын. «Бейбарыс» төртінші мәрте чемпион атанды, бұған дейін 2011, 2015 және 2016 жылдары жеңіс тұғырынан көрінген еді.