Дамуға негіз қаланған
Сенбі, 1 қыркүйек 2012 7:55
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан СЫДЫҚОВТАН Елбасының конференцияда алғашқы күні айтқан ойлары туралы және Негізгі заңымыздың мәні мен маңызы жайлы пікірін айтып беруін сұраған едік.
– Елбасы осы конференцияның алғашқы күні Конституцияның мәні мен маңызы туралы жаңа ойларымен бөлісті. Осыған өзіңіздің пікіріңізді білдірсеңіз.
Сенбі, 1 қыркүйек 2012 7:55
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан СЫДЫҚОВТАН Елбасының конференцияда алғашқы күні айтқан ойлары туралы және Негізгі заңымыздың мәні мен маңызы жайлы пікірін айтып беруін сұраған едік.
– Елбасы осы конференцияның алғашқы күні Конституцияның мәні мен маңызы туралы жаңа ойларымен бөлісті. Осыған өзіңіздің пікіріңізді білдірсеңіз.
– Елбасының кешегі жиында айтқан ойлары шынымен де қазіргі біздің қоғам үшін өте маңызды, құнды болып отыр. Бұл конференцияның өтуінің өзін мен кез келгеніміз үшін маңызды деп айта аламын. Өйткені, Конституция дегеніміз – бұл біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігі, мемлекетіміздің Негізгі Заңы. Елбасы кешегі жиында көп мәселені көтерді. Әлеуметтік саланы дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оның жолдары туралы жақсы айтты. Президенттің осы пікірлері бәріміздің көңілімізден шықты, ойымызды дөп басты. Сол конференцияның жалғасы ретінде енді, міне, Еуразия ұлттық университетінде үлкен жиын өтуде. Оған біздің ғалымдар, оқытушылар құрамы бәрі атсалысты. Бұл жерде біз Елбасының кешегі жиында айтқан ойларын оқытушыларға, студенттерге жеткізуді мақсат етіп отырмыз.
Жалпы, өзгеріссіз ешнәрсенің болмайтыны белгілі. Өзгеріс дегеніміздің өзі табиғаттың заңдылығы. Ал өзгеріс болмаса онда догма болады. Сондықтан Мемлекет басшысының болашақта Ата Заңымыздың заман ағымына сай өзгеруі мүмкін екені туралы айтқан пікірімен толық қосыламын. Солай болу керектігіне келісемін. Биыл Конституцияның бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданғанына 17 жыл толып отыр.
– Дәл қазір Конституцияны өзгертуге бола ма?
– Біздің елде бұл мәселемен айналысатын арнайы органдар бар. Бұл мәселе солардың құзыретіне жатады. Яғни егер заң шығарушы органымыз Парламент пен соны халыққа жеткізуші жергілікті мәслихаттар өзгеріс қажет десе, онда өзгерістер жасалуы мүмкін. Негізі, қазіргі қолданыстағы Конституциямызда еліміздің дамуына, өсіп-өркендеуіне барлық заңдық негіз бар деп ойлаймын.
Әңгімелескен
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».