Кеден одағының «Оңтүстік шекарасы»
Бейсенбі, 6 қыркүйек 2012 7:22
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Мемлекет басшыларының екіжақты кездесуі қарсаңында біздің еліміздің оңтүстік шекарасына ерекше көңіл бөлінуде.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті республикалық кеден органдары жүйесінде Кеден одағының ең ірі «Оңтүстік шекарасы». Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің өткізу пункті оңтүстік бағыттағы Еуропа, Таяу және Орталық Шығыс Ресеймен Қырғызстан және Қытайды байланыстыратын негізгі көлік магистралі өтетін стратегиялық маңызды жолда орналасқан.
Бейсенбі, 6 қыркүйек 2012 7:22
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Мемлекет басшыларының екіжақты кездесуі қарсаңында біздің еліміздің оңтүстік шекарасына ерекше көңіл бөлінуде.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті республикалық кеден органдары жүйесінде Кеден одағының ең ірі «Оңтүстік шекарасы». Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің өткізу пункті оңтүстік бағыттағы Еуропа, Таяу және Орталық Шығыс Ресеймен Қырғызстан және Қытайды байланыстыратын негізгі көлік магистралі өтетін стратегиялық маңызды жолда орналасқан.
Кеден одағының ішкі шекарасының ұзындығы 958,76 км. құрайды. Департаменттің қызмет аймағында Кеден одағының Өзбекстан Республикасымен сыртқы шекарасында 6 өткізу пункті орналасқан: «Қазығұрт», «Жібек-Жолы», «Қапланбек», «Сарыағаш ст.», «Б.Қонысбаев», «Атамекен» кеден бекеттері.
Департаменттің жұмыс қорытындылары бойынша 2012 жылдың басынан 17 миллиард 503 миллион 544 мың теңге, ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің болжаған көрсеткіштерін 2,5 пайыз артық өндірді.
Кеденшілер біздің еліміздің ғана емес Кеден одағы үш елінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондықтан кеден ісі саласындағы қылмыстар және құқық бұзушылықпен күрес бойынша жұмысқа баса назар аударылады.
Үстіміздегі жылы 20 қылмыстық іс және 1 375 әкімшілік іс қозғалып, мемлекетке 59 миллион теңге келтірілген залал өндірілді. Қозғалған істер бойынша тәркіленген тауарлар 47 миллион теңгені құрады.
«Жібек Жолы» кеден бекетінде жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Кеден одағының шекарасы арқылы есірткіні заңсыз тасымалдау фактісі анықталды.
Департамент қызметкерлері Кеден одағы аумағында жөнелтпе құжаттарында көрсетілмеген 2 мың діни кітаптар, бейнекамера және диктофонның заңсыз тасымалының жолын кесті. Бұл жүктерді Біріккен Араб Әмірліктерінен Қырғызстаннан транзитпен біздің еліміздің аумағы арқылы өткізбек болған. Алайда «Сарыағаш ст.» кеден бекетінде кедендік бақылаудан өтуде инспекциялық тексеру кешенінің көмегімен біздің қызметкерлер контрабандалық тауарды анықтады.
Соңғы жылдары кеден бекеттері түбегейлі өзгергені және ең жоғарғы талапқа сай екенін атап өткен жөн. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің барлық шекаралық өткізу пункттері Кеден одағының шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өтуін жеделдету үшін бақылаудың заманауи техникаларымен жабдықталған.
Кеденнің табысты жұмыс жасауына қызметкелердің тұрмыс жағдайын жақсарту да ықпал етеді. Сарыағашта жалпы көлемі 4 328 ш.м. құрайтын тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталуда.
Аумақтағы 11 гектар жерде 50 пәтерлі 10 үй салынды. Одан бөлек бір қабатты «Таунхаус» көп пәтерлі тұрғын үйдің жанында 60 адамға арналған пәтер түріндегі жатақхана құрылысы аяқталды. Ол жерде балалар ойын және спорт алаңын салу қарастырылған. Кеден органдарының қызметкерлерінің тұрмыс мәселесін шешуге мемлекеттен 663 миллион теңге бөлінді. Кеден қызметкерлері өздерінің үйіне жақын жерде қызмет ететін болады. Тұрғын үй кешенінің кеден бекетінен арақашықтығы: «Қазығұрт»-18 км, «Жібек-Жолы» – 14 км, «Қапланбек» – 5 км, «Сарыағаш ст.» – 3км.
Кеден шекарасында жаңа өткізу бекеттері салынуда: инспекциялық тексеру кешені, тауарларды жеткізуді бақылаудың автоматтандырылған жүйесі, электронды өткізу жүйелерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Мақтаарал ауданының қазақ-өзбек шекарасында жаңадан «Атамекен» өткізу бекеті салынды.
Үстіміздегі жылдың 17 маусымынан Кеден одағы аумағында міндетті алдын ала ақпараттандыру енгізілді, яғни жаңа ереже бойынша тауарларды декларациялау алдын ала мәліметті Кеден одағына мүше мемлекет кеден органына мүдделі тұлғалар тауарлармен көлік құралдарын Кеден одағы шекарасы арқылы өтуге дейін 2 сағатта бағыттауы тиіс.
Біздің департамент елімізде бірінші болып осы бағдарламаны енгізді және тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетті.
Кеден органдарының жұмыстары мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметінің дамуына ықпал етуі сөзсіз. Кедендік бақылау комитеті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың белсендігін арттыру, кедендік бақылау және ресімдеу процедураларын оңайлату үшін шаралар қабылдауда. Тәуекелдерді басқару жүйесі, «күнбе-күн» кедендік ресімдеу, «бір терезе» және «бір аялдама», «қызыл» және «жасыл» дәліз жұмыс принциптері енгізілген. Яғни сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тауарларын шекара арқылы мейлінше тез өткізу үшін барлық жағдайлар жасалған.
Еліміздің Оңтүстік шекарасының күзетінде болғандықтан департамент басшылығы көршілес Өзбекстан Республикасының кеден ісінде тығыз ынтымақтаста болу үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда. Қазақ-өзбек шекарасында бірқатар қиындықтар кездеседі. Көршілес елдің көлік заңдылығында өзгерістер енгізулеріне байланысты тамыз айының соңында «Б.Қонысбаев» кеден бекетінде автокөліктер кідірісі орын алды. Осыған байланысты кеден департаментінің басшылығы жағдайды шешу үшін шаралар қабылдады. Көршілес Өзбекстандық бекеттің басшылығымен келісім-шарт жүргізу барысында бос көліктер және 40 тоннаға дейінгі салмақтағы көліктер ешқандай кедергісіз өтуде.
Сонымен қатар тез жарамсызданатын өнімдерді таситын жүк көліктері шекарадан кезекке тұрмай өтетін болды. Күрделі мәселе осылайша қысқа мерзім ішінде шешілді.
Орталық Азияның көп елдерімен салыстырғанда Қазақстанның кеден жүйесі ашық, кеден қызметіне қатысты кез келген өзгерістер, жаңалықтар халық және кәсіпкерлер үшін қолжетімді. Әрбір СЭҚ, жеке тұлға кеден ісіне қатысты барлық құжат келісімдермен таныса алады. Өзінің уақытын, қаржысын бағалайтын кез келген кәсіпкер кеден ісін кеденшіден кем білмейді деп сеніммен айта аламын. Келешекте қарапайым халық шекарадан өтуде ешқандай қиындықтар мен кедергілер көрмей, жүктерінің кедендік бақылаудан өткенін байқамай өтулері тиіс.
Мемлекетіміздің кедені болашақта Қазақстанда ғана емес, көршілес мемлекеттерде болып жатқан экономикалық үдерістерге ықпал ететін мықты мемлекеттік орган болуы тиіс.
Жасұлан АХМЕТОВ,
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаментінің бастығы, кеден қызметінің подполковнигі.