Тазару
Бейсенбі, 6 қыркүйек 2012 7:25
Еліміздің құқық қорғау жүйесіндежаппай жаңғырту қолға алынып жатыр.Оған қоса сыбайлас жемқорлардыанықтау ісі де жаңаша пысықталуда.Әсіресе, қолынан іс келмейтін яғниміндетіне лайықты емес қызметкерлердіқұқық қорғау органдарынан аластатубарысы көпшілікті қуантуда. Міне, осыжәне өзге де мәселелерге байланыстыбіздің бірқатар сұрақтарымызға Ішкіістер министрінің орынбасары АмантайКҮРЕҢБЕКОВ жауап қайтарған еді.
Бейсенбі, 6 қыркүйек 2012 7:25
Еліміздің құқық қорғау жүйесіндежаппай жаңғырту қолға алынып жатыр.Оған қоса сыбайлас жемқорлардыанықтау ісі де жаңаша пысықталуда.Әсіресе, қолынан іс келмейтін яғниміндетіне лайықты емес қызметкерлердіқұқық қорғау органдарынан аластатубарысы көпшілікті қуантуда. Міне, осыжәне өзге де мәселелерге байланыстыбіздің бірқатар сұрақтарымызға Ішкіістер министрінің орынбасары АмантайКҮРЕҢБЕКОВ жауап қайтарған еді.
– Амантай Жанкеұлы, Елбасының құқыққорғау органдарының, соның ішіндеішкі істер органдарының алдынақойған тапсырмаларына сайатқарылған жұмыстарға тоқталып өтсеңіз.
– Президент Н. Назарбаевтың ішкі істер органдарының алдына қойған азаматтардың құқықтарын адал және тиімді қорғау, олардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларына орай бүгінде бірқатар игі істер атқарылуда. Азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасамай адамдардың құқықтарын тиімді қорғау, қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес. Сондықтан қазіргі кезде құқық бұзушылықтардың алдын алудың жалпы мемлекеттік жүйесі құрылып жатыр, оған ішкі істер органдарымен қатар басқа мемлекеттік органдар, қалың жұртшылық жұмылдырылуда.
Бұл мақсатта облыстық, қалалық, аудандық ішкі істер органдары басшыларының, учаскелік полиция инспекторларының халықпен кездесулері, дөңгелек үстелдер және тағы басқа іс-шаралар өткізілуде. Бұған полиция қызметін бақылайтын қоғамдық кеңестердің қосып жатқан үлестерінің де айрықша екенін атап өткеніміз жөн. Олардың құрылуы ішкі істер органдарының беделін арттыра бастады, азаматтар мен полиция арасындағы түйткілдерді анықтауға ықпал етті. Мәселен, кеңес мүшелерінің қылмысты тергеуге дейінгі іс-шараларға қатысуы, қызметкерлердің заңсыз әрекеттеріне сай азаматтардың шағымдарын қарауы, әлеуметтік зерттеулер жүргізуі бірқатар мәселелердің дұрыс шешімін табуына септігін тигізуде.
Сол сияқты, қазіргі күні жасөспірімдер арасындағы қылмыстың белең алуы күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Осы ретте мектептегі учаскелік инспекторлардың қызметінің маңыздылығын атап өткеніміз жөн. Бұл салада еліміз бойынша 1700-ге жуық қызметкер бар. Егер жергілікті атқарушы органдардан қолдау білдірсе, учаскелік инспекторларды әрбір мектепке енгізуді көздеп отырмыз.
Мемлекет басшысы құқық бұзушылықтың алдын алу тиімділігін арттыруға басты назар аударғаны белгілі. Алайда, бұл мәселені толық шешуде полицияның күші жеткіліксіз. Сондықтан Премьер-Министр К.Мәсімовтің басшылығымен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі комиссия құрылды. Бұл комиссияның құрамына қоғам қайраткерлері, депутаттар, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері кірді. Олар құқық бұзушылықтардың алдын алу субъектілерінің қызметін үйлестіру және бағалау, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау, қылмыстарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою бағытында жұмыс істейді. Осы орайда біз үшін маңызды бірқатар заңнамалық актілердің қабылданғандығын баса айтқым келеді.
– Мемлекет басшысының 2012 жылдың 8 сәуіріндегі «ҚазақстанРеспубликасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектентыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ПрезидентӘкімшілігінің Басшысы: «Құқық қорғау органдары сыбайласжемқорлыққа бейім. 2011 жылы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық бәрінен де ішкі істер органдарында жиі тіркелген. ІІБқызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық баптары бойынша246 қылмыстық іс қозғалған, мұның өзі бүкіл мемлекеттікқұрылымдар ішіндегі ең нашар нәтиже болып табылады» деді.Неліктен сақшылар атына сай міндеттерін адал орындаудың орнынакерісінше адал азаматтардың құқын аяққа таптап, заң бұзады?
– Иә, бұл біздің салада өте өзекті мәселе ретінде күн тәртібінде тұрғаны рас. Еттен сүйекке өтіп кеткен сыбайлас жемқорлық деген кеселден арылу оңай емес. Алайда біз де қол қусырып отырғанымыз жоқ, тиісінше шараларды атқарудамыз. Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінің 2006 жылғы 1 маусымдағы отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының бөліністерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, тәртіп пен заңдылықты нығайту бойынша ұйымдастырушылық және практикалық шаралар кешенін жүзеге асыруда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау басым бағыттардың бірі болып табылады және министрлік басшылығының ұдайы бақылауында тұр.
2011-2013 жылдарға арналған ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ведомстволық бағдарламасына сәйкес кадр аппараты өзіндік қауіпсіздік қызметтерімен бірлесіп, барлық қызметтер мен бөліністердің жұмыстарына кенеттен тексерістер өткізді. Бұл шара барысында 2897 заң бұзушылық анықталды. Сөйтіп, есеп беру кезеңінде тәртіп пен заңдылықтарды бұзғаны үшін ішкі істер органдарынан теріс себептермен 367 қызметкер, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 39 қызметкер жұмыстан шығарылды.
Жыл басынан бастап ІІМ Тәртіптік комиссиясының 12 отырысы өтті, оның шешімі бойынша ІІО-ның 33 қызметкері тәртіптік жазаларға тартылды, оның ішінде: 4-еуі ІІО-дан шығарылды, 13-і лауазымдарынан босатылды, ал 9 қызметкерге қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту, 1 қызметкерге сөгіс жарияланды.
Жалпы, ағымдағы жылдың 7 айы ішінде полиция қызметкерлері 115 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған. Ішкі істер министрлігі ең ірі құқық қорғау ведомствосы болып табылады. Мұнда 70 мыңнан астам қызметкердің бар екенін ескерсек, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын қызметкерлердің жалпы санына шаққанда, мың қызметкерге 2 сыбайлас жемқорлық келеді екен. Бұл басқа мемлекеттік органдармен салыстырғанда анағұрлым аз. Дегенмен, бұған біз тоқмейілсіп, «табанымызға кірген тікенге» самарқау қарай алмаймыз.
– Жоғары аттестаттау комиссиясынан, Президент Әкімшілігі Құқыққорғау органдары жүйесі бөлімінің мәліметі бойынша, ІІМ-нің 26лауазымды тұлғасы өте алмаған. Осы уақытқа дейін жоғары қызметтекелген лауазымды тұлғалар кенеттен кезектен тыс сынақ кезінде негеөте алмай қалды? Бұрын олардың қызметіне сай еместігінебасшылық көз жұма қараған ба?
– Иә, өкінішке қарай, Президент жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясынан 26 басшы өте алмады. Комиссия алдына бармас бұрын басшылардың ел заңнамасын білуін, логикалық ойлау қабілетін, психологиялық тұрақтылығын анықтау мақсатында тест қабылданды, сонымен қатар дене шынықтыру, ату дайындығы анықталды. Содан кейін олардың нәтижелері бойынша комиссия мүшелері алқалы түрде шешім шығарды. Егер аттестаттау болмағанда қызметіне сәйкес еместер әлі күнге дейін қызметтерін жалғастыра берер ме еді. Сондықтан жоғарыдан бастау алатын кадрларды тазарту ісі ІІО үшін қашанда ауадай қажет деп ойлаймын.
Кезектен тыс аттестаттаудың бірінші кезеңін Президент жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы өткізді. Комиссияға ІІМ жүйесінің 156 басшысы, оның ішінде ішкі істер министрінің орынбасарлары, орталық аппарат комитеттерінің төрағалары, орынбасарлары, облыстардың ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің бастықтары, олардың орынбасарлары қатысты. Комиссия шешімі бойынша 26 басшы өте алмады, орталық аппараттың 1 бастығы, ІІД-нің 1 бастығы, қылмыстық жұмыстан 11 шығарылды.
– Жасалған қылмыс неліктен жасырылады? Және олардың басымкөпшілігі қандай себепке байланысты ашылмай қалады?
– Бүгінгі күні ішкі істер органдарының қызметінде есепке алу-тіркеу тәртібін сақтау мәселесі басым бағыттардың бірі болып табылады. Азаматтардың полиция қызметкерлеріне деген сенімін арттырудың бірден-бір жолы – ол қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды тіркеу және есепке алу, жасалған қылмыстарды жылдам қарап, оларды жедел әрі толық ашу. Бұрындары полицияның жұмысы екі негізгі көрсеткіш бойынша бағаланатын, яғни қылмыс деңгейін төмендетуге және қылмысты ашу пайызын арттыруға баса назар аударылатын. Көрсеткіштердің санын көбейтуге ұмтылу нәтижесінде барлық жерлерде жасалатын қылмыстарды тіркеуден жасыру істері орын алды, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылды және қылмыс жай-күйінің статистикалық көрсеткіштері бұрмалана бастады. Атап айтсақ, есепке алу-тіркеу тәртібін бұзғаны үшін ішкі істер органдары мен бөліністерінің 185 басшысы жазаланды. Азаматтардың қылмыстар туралы хабарламаларын жасыру дерегі бойынша қызметкерлерге қатысты 12 қылмыстық іс қозғалып, бір қызметкер бас бостандығынан айырылды.
– Қазақстанның ішкі істер органы қызметінде Ресейдегі немесеГрузиядағы аттестаттау тәжірибесінің қолданылуы мүмкін бе?
– Шетелдің озық әрі біз үшін тиімді жағы бар тәжірибесі бар болса, оны пайдаланғанның артықтығы жоқ деп ойлаймын. Өйткені, шетелдерде аттестаттау мәселесіне айрықша мән беріледі. Осындай кең ауқымды науқанға дайындық барысында шетел тәжірибесі, атап айтқанда, ТМД-ның және АҚШ, Англия, Франция, Норвегия, Ұлыбритания, Шотландия, Польша, Швеция секілді елдері құқық қорғау жүйесіне реформалар жүргізу нәтижесінде полиция қызметінің тиімділігін айтарлықтай арттырғаны белгілі. Еліміздің тарихында құқық қорғау жүйесін дәл бұлайша таразыға салып, сыннан өткізу бұрын-соңды болмағанын ескерсек, бара-бара ішкі істер органдары жұмысының биік деңгейге көтерілетініне сенемін.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».