08 Қыркүйек, 2012

Автоматтар тәркіленді

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Автоматтар тәркіленді

Сенбі, 8 қыркүйек 2012 7:17

Облыстық экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес де­пар­таменті өткізген брифингте белгілі болғандай, жыл басынан бері заңсыз ойын бизнесіне қарсы тұру мақсатында 13 қылмыстық іс қозғалған. Со­лар­дың бірі жуырда әшкереленген. Атап айтқанда, «Клуб спортивного покера» ЖШС-нің ойын залынан 3 покер үстелі, 5000 фишка, 94 қарт және 114,6 мың теңге қаражат тәркіленген. Баспасөз хатшысы Нұрлан Жахинның айтуынша, жедел іздестіру шаралары барысында автовокзал аумағындағы заңсыз ойын автоматтары залы қызметінің жолы кесілген. Одан 20 ойын автоматтары, 86 мың теңге алынып, жеке кәсіпкерге байланысты қылмыстық іс қоз­ғалған. «Территория Интернета» интерактивтік клубында интернетке шығу де­ген желеумен онлайн-казино қызметі ұйымдастырылған. Компьютердің 125 жүйелік блогы мен 430 мың теңге тәркіленіп, кінәлі тұлғалар жазаға тартылды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.