27 Қыркүйек, 2012

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жол

2318 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін

Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына жол

Бейсенбі, 27 қыркүйек 2012 7:02

Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы Қазақстанның тиімді және әлеуметтік даму жолында екендігінің нақты белгісі болып табылады. Әлбетте заң ғылымында дамушы ел ретінде мемлекеттік реттеу мен қоғамның өзін өзі басқаруында үйлесімділік бар ел танылады. Ал осы кезге дейін батыста  тиімді ел ретінде халықты жарылқаушы және әл-ауқатты мемлекет деп есептелініп келген еді. Бүгінгі таңда ғалымдар арасында бұл тұжырымдаманың орнына жаңа, яғни еңбекші мемлекеті, еңбекке қолайлы жағдай жасау мемлекеті туралы идея қалыптасты. Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам идеясы әлемдік қоғамтану ғылымының негізгі даму бағыттарымен ұштасатындығы байқалады.

Бейсенбі, 27 қыркүйек 2012 7:02

Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласы Қазақстанның тиімді және әлеуметтік даму жолында екендігінің нақты белгісі болып табылады. Әлбетте заң ғылымында дамушы ел ретінде мемлекеттік реттеу мен қоғамның өзін өзі басқаруында үйлесімділік бар ел танылады. Ал осы кезге дейін батыста  тиімді ел ретінде халықты жарылқаушы және әл-ауқатты мемлекет деп есептелініп келген еді. Бүгінгі таңда ғалымдар арасында бұл тұжырымдаманың орнына жаңа, яғни еңбекші мемлекеті, еңбекке қолайлы жағдай жасау мемлекеті туралы идея қалыптасты. Елбасының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам идеясы әлемдік қоғамтану ғылымының негізгі даму бағыттарымен ұштасатындығы байқалады.

Осы мәселеге  орай біз Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының  доценті, заң ғылымдарының кандидаты, «Академик С. Зиманов атындағы білім заңнамасы» ҒЗО директоры Бақыт АЛТЫНБАСОВҚА жолығып,  жалпыға ортақ еңбек қоғамына бастар заңды жолдар туралы әңгімелескен едік.

– Бақыт Омарханұлы ел­дегі әлеуметтік мәселелерді кейінге қалдыруғаболмай­тын­дығын ескерсекжаhан­да­ну­дың тұрақсыз жағдайындабіздің қоғам қандай болуы қа­жет және осы жағдайдан сүрін­бей шығуүшін қандай бағыт­ты ұстану қажет деп ойлайсызОсы мәселегетереңірек тоқталып өтсеңіз.

– Мемлекет пайда болғалы бері қандай формациялар мен өркениеттерді басынан кешірсе де, қоғам мен адамның әлеу­мет­тік жағдайы толық қамтамасыз етіл­мей жатып ішерге жағдай жа­сал­ған емес. Кеңестік кезең­нің дұрыс жақтары бар еді деген кезде, бізге, ең алдымен, барша жұрттың еңбекке тартылуы есі­мізге түседі, себебі, жұмыссыз жүру кеңес адамы­ның санасына жат нәрсе болды. Сол сая­саттың нәтижесін­де кеңестік кезде қоғам мен мем­лекеттің әлеу­меттік-экономика­лық жағ­дайы даму үстінде бол­ғанын барлығымыз білеміз.

Халқының басына күн туып, тағдырдың тәлкегіне түсіп, мем­лекеттің келешегі қыл үстінде тұрған кезде де жоқтан бар жасап, артта қалған мемлекетті әлем­нің алдыңғы қатарына шы­ғарған көшбасшыларды тарих ұмытпайды. Соның ішінде Азия­ның Ли Куан Ю (Сингапур), Махатхир Мохамад (Малайзия) секілді данышпан көш­бас­шылардың басынан кешір­ге­ні таңғаларлық жағдай. Ұлы­бри­танияның әскери базаларына әлеуметтік-экономикалық тұр­ғы­дан тәуелді болған Сингапур, Қытай мен Үндістан саудагерле­рі мен қолөнершілерінің қолына қарап отырған Малайзия данышпан көшбасшыларының саясаты арқасында 30-40 жылдың ішін­де әлем мойындайтын деңгейге көтерілді.

Ал біздің еліміз – аталған елдерге қарағанда халқы анағұр­лым сауатты, көзі ашық, көкірегі ояу, тарихы терең, жері мен та­биғаты бай мемлекет. Сон­дық­тан, Елбасының мақаласында көр­сетілгендей, барша жұрт ең­бекке тартылып, жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүруді өзіне жат нәрсе деп тауып, хал­қым үшін деп қызмет етсе, қазақ елінің Сингапур мен Малай­зия­ның тәжірибесін әлемге қайта танытуына толық мүмкіндігі бар.

Қытайдың ұлы философы «Тәртібі жоқ елде сөзіңе сақ болып, ісіңе мықты бол, ал тәртібі бар елде сөзіңде де, ісіңде де батыл бол» деген екен. Біздің елде тәртіп орнатылып, жариялылық қа­ғи­дасы басшылыққа алынуда. Бүгінгі күн әрбір азамат үшін қоғам­ның өміріне батыл да белсенді араласатын уақыт.

– Елбасы мақаласында эко­номикалық және әлеуметтік жаңғыртумейлінше үйлесім­дік­те болуы қажет дедіӨйт­кеніэкономикамемлекеттің басқаруымен ұйымдастыры­лыпхалықтың қолыменжасаладыБұл орайда заңдары­мыз да барынша жетілуі керек қой деп ойлаймын.        

– Азаматтардың белсенділігі экономиканың қарқынды дамуы­ның кепілі. Қазіргі кезде, атал­ған мақалада көрсетілгендей, қо­ғам­дық санада «аз жұмыс істеген көп ақша табады» немесе «ауадан ақ­ша жасау» деген жалған түсініктер қалыптасқан. Бұл – өтпелі кезеңде мемлекеттік биліктегілердің жеке­шелендіру, несие беру, ипотека арқылы ха­лықтың игілігін тонаудан көрініс тапқан жағдай. Байқа­са­ңыз, бір­қатар мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар мем­ле­­кет­тік сатып алу, тендерлер ар­қы­лы тек құжаттарға қол қоюдың не­гізінде ғана үлкен қаражаттың иесі болуда. Тендер мен мем­ле­кеттік сатып алу са­ласындағы заңнаманың олқы­лық­тары жоға­ры­да аталған Еңбек Қоғамына жат түсініктер тудырып отыр.

Сондықтан да мақалада әрбір азамат өзіне өзі талап қоюы, жаңғыртуды, ең алдымен, өзінен бастауы қажеттігі туралы орынды айтылған. Яғни, бүгінгі заман әрбір қазақстандықтан өз елі үшін қызмет етуді талап етіп отыр. Бүгінгі қоғамда билікке қатысты сын айтып, мемлекеттің саясатын жоққа шығарушылар аз емес, алайда мемлекеттік ор­гандардың жұмысын жетіл­ді­ру­ге, заңнамадағы олқылықтарды жоюға, басқарудың тиімді жолдарын ұсынуға келгенде бастама жасайтындар табылмай қалады.

Ал әлеуметтік жаңғырту жү­зеге асырылу үшін даулы жағ­дай­ларды шешетін әділ заңдар мен нақты құқықтық нормалар қажет деген идея теңдесі жоқ деп айтуға болады. Біздің елде құқық шығармашылық процесі бұрын-соңды болмаған қарқын­да даму үстінде. Оның елімізде интеграциялық процеске түсіп, түрлі халықаралық ұйымдарға кірігуі, әлемдік кеңістікке шы­ғуы­мен парапар қалыпты жағ­дай. Қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мәселесі оңай шаруа емес. Ол білім, ғылым, денсау­лық, мәдениет және өзге де көп­теген әлеуметтік салаларды қам­ти­ды. Ол салалардың әрқайсы­сын рет­тейтін көптеген нор­ма­тив­­тік-құ­қықтық актілерден тұ­ра­тын заң­намалар әрекет етеді. Заң­нама­ны заман талабына сай жетілдіріп отыру үшін, оның рет­теу аясына талдау және салыс­тыру арқылы ғылыми-зерттеу жұ­мыстарын жүр­­гізу қажет. Қол­да­ныстағы заңна­ма­ны жетілдіру, ең алдымен, заң­гер-ғалымдар­дың ісі. Ал енді заңгер-ғалым­дарды мем­­­ле­кет­тің құқық шы­ғар­машы­лық қызме­ті­не тарту үрдісі ескі әдіс­­пен жүр­гізілуде. Заңгерлерді бі­­ліктілігі мен іскерлігіне қарай ба­ғалап, қызы­ғу­шылығын ояту деген мәселе­лер қолға алынатын емес.

– Осы орайда қызметтегі әділ­дік, адалдық, әділеттілік ту­ралы не айтар едіңіз? Өйт­кені, әділдік болмаса еңбек те баянсыз болмақ.

– Біздің құқықтық шығар­ма­шы­лық қызметінде әділеттілік пен жариялылық қағидасы сақ­тал­май келеді. Мысалы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­верситетінің заң факульте­тін­де 50-ге жуық ғылым докторы мен кандидаты бар. Сондай-ақ, факультетте жүзден астам ма­гис­трант, оннан астам PhD докторант оқиды. Осындай ин­тел­­лек­туалдық күштің орнымен қол­данылмауы өте өкінішті.

Министрліктер мен ведомстволар, заң шығарушы орган белгілі бір заң шығару қажет болған жағдайда ол мәселені оқ­шаулап, жария етпей жүргізеді. Заң жобасы белгілі бір мүдделі топпен немесе органмен жасал­ған­дықтан, ол о бастан біржақты сипатта болып шығады. Мысалы, 2007 жылғы «Білім туралы» Заң о бастан жеке меншік оқу орын­дары­ның мүддесін ескеріп жасал­ған­дығы анық байқалады. Депутаттар қаншалықты өзгеріс енгіз­ге­німен, ол заңның табиға­ты мем­лекеттік саясаттың жеке меншік оқу орындарына ықпалы болмайтындай етіп жасалған. Біздің елде білім мен ғылым сатылмауы қажет. Әлем­дік тәжірибе көрсетіп отырған­дай, білім беру арқылы мемлекетке қаржы түсіру тек бір ғана жағдайда рұқсат етіледі. Егер бі­лім қызметі экспортталатын жағ­дайда ғана ақылы білім бе­руді дамытуға болады. Ал өз елі­нің азаматтарына жаппай ақылы білім беру мемлекеттік қауіп­сіздікке қолсұғушылықпен тең.

– Елбасы мақаласында мем­лекеттік бағдарламалар мен олардың жүзеге асырылу жос­парларында мемлекеттік саясат пен ғылымның арасында тығыз байланыс болуын талап етіп отыр. Бұл жағ­дайда өндіріс пен экономика қарқынды даму үшін ол салада ғылымның жетістіктерін үнемі қолданып отыру аса қажет емес пе?

– Иә, әлемдік тәжірибе көр­сетіп отырғандай, инновация эко­номиканың қозғаушы күшіне айналуы тиіс, ал инновация өз кезегінде ғылым мен білімнің негізінде келетіндігін ұмытпаған жөн. Осы тұрғыдан алғанда, біз­дің білім жүйесі мен экономи­ка­ның арасында байланыс бай­қал­май тұр. Ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тары мемлекеттің саясатын ескермей, өз бетінше дамуда. Мұндай жағдайдың орын алуына келесі­дей факторлар әсер етіп отыр: біріншіден, ғылыми кадр­ларды дайындау тетігінде ұйым­дастыру­шы­лық-құқықтық тұрғыдағы мә­се­лелер бар. Яғни, ол алдында айтып кеткендей, жо­ғары оқу орнына кейінгі бі­лімді жетілдіру, дис­сертациялық жұмыстың тақыры­бын таңдау, жұмысты жазу және қорғаумен байланыс­ты мәселе­лер; екін­ші­ден, білім және ғылым сала­сын­дағы қол­да­ныстағы заң­на­ма­ның олқылық­та­рының салдарынан ғылыми кадрларды дайын­дау­да­ғы жүйе­сіз­діктің орын алуы. Осының сал­дарынан миллион­даған ақша босқа кетіп жат­қандығына куә­міз.

Мысалы, бүгінгі таңда ма­гис­тратура және докторантураға PhD бағдарламасы бойынша оқуға түскен азаматтар міндетті түрде шетелге шығуға немесе оларға шетелдік ғылыми кеңес­ші тағайындалуы қажет. Тәжі­ри­бе көрсетіп отырғандай, PhD бағдарламасы бойынша келетін шетелдік профессорларға төле­не­тін сыйақы өте жоғары. Шет­елдік профессорлар екі апталық мерзімге келіп, отандық профес­сордың бір жылдық жалақысын алып кетеді. Бұл – ақылға сыймайтын жағдай. Әрине, техни­ка­лық және жаратылыстану ғы­лым­дарының біздің елде бұрын зерттелмеген салаларында шет­елдік әріптестікті дамыту қажет шығар. Бірақ, жаппай барлық мамандықтарда шетелдік ғы­лы­ми кеңесші тағайындаудың қан­дай қажеттігі бар деген сауал туындайды. Оның үстіне бітіріп шыққандардың ішінде ғылыми жаңалық ашып, өзінің таңдаған тақырыбында зерттеулер жүр­гі­зіп, ғылыми жолға түскен біреуі жоқ. Барлығы дипломын алысы­мен жақсы жалақы төленетін жұ­мыстарға ауысып, әкімшілік қыз­мет­пен айналысып кетті. Бүгінгі таңда, сол докторант­тар­дың бар­лы­ғы заң факультетінде оқыту­шы­лық және ғылыми жұмыспен айналыспайды. Сабақ берсе де, штаттан тыс қызметте есептеледі.

 Демек, бұл ойыңыздан мемлекет жыл сайын бір док­торантқа 10 мың доллардан тө­леп неге оқытты, мемле­кет­тік бағдарламаларда көрініс тап­қан идеялар неге жү­зеге асырылмайды, бұл мәсе­ле­ні ше­шетін министрлік қай­да қа­рап отыр деген сұрақтар туындайды ғой. Оған кім жауап береді?

– Жауап берер ешкім жоқ, сондықтан да, өкініштісі, бұл жағдай әлі де жалғасуда. Әлі де біздің PhD докторантура және магистратура бағдарламасына оқы­тушылық қызметпен айналыспайтын немесе қосымша жұ­мыспен айналысатын мемле­кет­тік органдарда қызмет ететін азаматтар оқуға түсуде.

– Елбасы өз мақаласында индустриялық-инновациялық бағдарламаның жүзеге асыры­луы­ның еліміздің болашағы үшін маңыздылығын атап өтті. Тәжірибе мен білім беру жүйесінде тығыз байланыс орнап, кәсіби және білім стан­дарт­тарының арасындағы үй­лесімдіктен көрініс табуы қа­жеттігіне тоқталды.

– Президенттің мұндай мәсе­леге тоқталуына бірқатар себептер негіз болды. Ол кәсіби білім беретін оқу орындарының мамандарды тәжірибе жүзінде қан­шалықты қажеттігін ескермей дайындауынан, білім стандарттарын әзірлеуде басқару, экономика, бизнес, өнеркәсіп пен өн­дірістің ерекшеліктерін ескер­меуі­нен, ғылыми-зерттеу жұ­мыс­та­ры мемлекеттік бағдар­ла­ма­ларда көзделген маңызды салаларда жүргізілмеуінен, ғылы­ми кадрлар дайындауда жүйе­сіз­дік орын алуынан туындап отыр.

Елбасының аталған мақа­ла­сы халықтың әлеуметтік жағ­дайын көтеруге, қоғамдағы әді­летсіздік пен теңсіздікті жоюға бағытталған. Зиялы қауымның арасында «бұл мақала ертерек шығуы  керек еді» деген сөздер де бар. Алайда, мұндай мақала­ның ертерек шығуы мүмкін емес еді. Себебі, оған қанаты әлі де қа­тай­маған жас мемлекетіміз, сондай-ақ, толық қалыптаспаған қоғам­ның құқықтық санасы мүмкіндік бермеді. Елбасының бұл мақа­ласы қоғам мен мем­ле­кеттің ке­лешегін ойлаған мың­да­ған ға­лымдардың көңілінен шық­ты. Сондықтан, Елба­сы­ның бұл мақаласын өз орнымен, уақ­ты­лы шыққан құжат деп танимыз.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».