28 Қыркүйек, 2012

1276 адам қызметтен кетті

313 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

1276 адам қызметтен кетті

Жұма, 28 қыркүйек 2012 7:02

Аттестаттау

Әрбір бесінші қызметкер сынақтан өте алмады

Қаржы полициясы органдарының аумақтық аттестациялық комиссиялары өз жұмысын аяқтады. 17 аумақтық комиссияда аттестаттаудан Қаржы полициясы академиясы мен аумақтық департаменттердің 2364 қатардағы қызметкері өтті.

 

Жұма, 28 қыркүйек 2012 7:02

Аттестаттау

Әрбір бесінші қызметкер сынақтан өте алмады

Қаржы полициясы органдарының аумақтық аттестациялық комиссиялары өз жұмысын аяқтады. 17 аумақтық комиссияда аттестаттаудан Қаржы полициясы академиясы мен аумақтық департаменттердің 2364 қатардағы қызметкері өтті.

Аталған комиссияларда аттестаттаудан 2437 қызмтекер өтуі тиіс болатын, алайда 16 қызметкер лауазымдарынан босату туралы баянаттар жазып, аттестаттаудан өтуден бас тартты, 3-і – әс­ке­ри-медициналық комиссияларға қаралу­ға жіберілді, 26 қызметкер уақытша еңбек қабілетсіздігіне байланысты, 20-ы – қызметтік іс-сапарда болуына бай­ла­нысты, 4-і – кезекті еңбек демалысында болуына байланысты, 4-і – жүктілігіне байланысты аттестаттаудан өткен жоқ.
Аттестаттауға жататын қызмет­кер­лер жергілікті жерлерде Қазақстан Рес­публикасының заңнамасын білу дең­гейін, ойлау қабілеттігін анықтауға ба­ғыт­талған тестілеуді және әскери дай­ындық нормативтерін тапсырып, психолог мамандарымен сұхбаттасты. Ат­тес­таттаудың барлық кезеңі бейне- бақылаумен қамтамасыз етілді.
Қаржы полициясы академиясы мен аумақтық департаменттер бастық­тары­ның төрағалық етуімен аумақтық аттестаттау комиссияларымен өткізіл­ген сұхбаттасу қорытындысы бойын­ша келесідей нәтижелер алынды: 200 қызметкер өз қызметтеріне сәйкес келеді және кадрлық резервке енгізу немесе жоғары лауазымдарға тағайын­да­луға ұсынылады; 1725 қызметкер лауа­зымдарына сәйкес келеді деп танылды; 179 қызметкер лауазым­дары­на сәйкес келмейді және төмен лауазымдарға тағайындалуға ұсыныл­ды; 124 қызметкер лауазымдарына сәйкес емес және басқа қызметтерге ауысу ұсынылды; 136 қызметкер лауазымдарына сәйкес келмейді және қаржы полициясы органдарынан жұмыстан шығаруға ұсынылды.
Сұхбаттасудан өту барысында тестілеу мен әскери дайындық нәти­же­лері ғана емес, оған қоса қызмет­кер­лердің жедел жұмыс нәтижелері де ескерілді.
Сонымен, аумақтық комиссияларда аттестаттаудан өткен 2364 қыз­мет­кердің 439-ы немесе 18,6 пайызы, яғни әрбір бесіншісі аттестаттаудан өте алмады.
Басқаларға қарағанда Алматы, және Астана қалаларының және Қара­ғанды, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша қаржы полициясы департаменттерінде аттестаттаудан өте ал­ма­ған қызметкерлер көп болды.
Аттестаттау нәтижесінде Қаржы полициясы академиясы мен аумақтық департаменттердің 136 қызметкері жұ­мыстан шығарылды. Осылайша қаржы полициясының аумақтық департа­мент­терінің қатардағы құрамы аттестаттаудан бұрын және оның нәти­жесінде 6,4 пайызға жаңартылды, деп хабарлады баспасөз қызметі.

 

Талапқа талғам таразы

Мемлекет басшысы 2012 жылдың 8 сәуірінде «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Еліміздің тарихында алғаш рет құқық қорғау жүйесінің жаңа кадрлық әлеуетін қалыптастыру жөнінен кең ауқымды іс-шаралар бастау алды.

Қаржы министрлігі КБК Қызылорда облысы бойынша кедендік бақылау департаментімен кеден қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу бойынша шаралар, соның бірінде өңірлік аттестаттау комиссиясының (ӨАК) жұмысы ұйымдастырылды. Комиссия құрамына КБД басшылығы, кеден органының ардагері, «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы, «Атамекен» ҰЭП, сондай-ақ баспасөз өкілдері кірді.
Департамент бойынша аттестаттауға барлығы 23 қызметкер қатысты. Оның ішінде 2 қызметкер атқарып отырған лауазымына сәйкес болмай, басқа қызметке (лауазымға) ауыстырылуға ұсынылса, 1 қызметкер жұмыстан босатылуға ұсынылды. Қалған 20 қызметкер атқарып отырған лауазымына сәйкес келеді деп танылды, оның ішінде 2 қызметкер жоғары лауазымға ұсынылды.
Жалпы Президент Әкімшілігі жанындағы Жоғарғы аттестаттау комиссиясынан (ЖАК), ҚМ Кедендік бақылау комитеті жанынан құрылған Орталық аттестаттау комиссиясы (ОАК) және Қызылорда облысы бойынша КБД жанынан құрылған өңірлік аттестаттау комиссиясында (ӨАК) департамент бойынша барлығы 31 қызметкер аттестатталды. Нәтижесі бойынша 2 қызметкер атқарып отырған лауазымына сәйкес келмеді 1 қызметкер лауазымынан төмендетілуге ұсыныл­ды. 2 қызметкер жұмыстан босатылуға ұсынылды. Қалған 26 кеденші атқарып отырған лауазымдарына сәйкес келеді деп танылып, оның ішінде 2 қызметкер кадр резервіне қойылды, деп хабарлады Қызылорда облысы бойынша КБД.

 

1276 адам қызметтен кетті

Ішкі істер органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудың 3 – кезеңі жалғасуда. 77 өңірлік аттестаттау комиссиясынан аймақтық полиция және қылмыстық атқару жүйесінің қызметкерлері аттестаттаудан өтеді.

Нысана көздеу, денешынық­тыру дай­ын­дығы, заңнаманы білу бой­ын­ша компьютерлік тестілеу өтк­і­зу­ге бақылау жасау үшін ІІМ аппаратының кадр жұмысы және өзіндік қауіпсіздік қызмет­кер­лері аумақтық бөліністерге іссапарларға жіберілді. Қабыл­данатын шешімдер шынайы болу үшін өңірлік комиссия мүше­ле­рінің қатарына ІІМ аппара­ты­ның қызмет басшылары мен олар­дың орынбасарлары енгізілді.
Бүгінгі күні өңірлік аттестаттау комиссиясы 22 мыңнан астам қызметкерді аттестаттады, 19211-і лауазымдарына лайықты екендіктерін көрсетті. 846-і қызметінен төмендетілсе, 1091-і басқа қыз­мет­ке ауыстырылды, 1057 қыз­меткер органнан алас­та­тылды.
Өңірлік аттестаттау комис­сия­сы Қарағанды академия­сын­да (203 адам), ҚАЖК акаде­мия­сында (139 адам), Павлодар заң колледжінде (88 адам) және Семей қаласындағы ІІМ оқу орта­лы­ғында (58 адам) өз жұмысын аяқтады. Жақын аралықта Шым­кент, Ақтөбе және Алматы қа­лаларындағы оқу орындарында аттестаттауды өткізу жоспар­лан­ған.
Орталық аттестаттау комис­сия­сы ведомствоның орталық аппарат, облыстардың және кө­ліктегі ІІД қызмет басшыларын, қалалық, аудандық орган бас­шы­лары, қылмыстық-атқару жүйе­сі мекемелерінің басшы­л­а­ры, оқу орындарының жетекшілері, өзіндік қауіпсіздік және есірт­кі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің, әскери – тергеу бө­ліністерінің жеке құрамы, яғни Ішкі істер министрлігінің номенклатурасы бойынша 3096 қызметкер кезектен тыс аттестаттаудан өтті. Аттестаттау нә­ти­жесі бойынша 73-і жоғары тұрған лауазымға ұсынылды, 2400 лауазымдарына лайықты екендіктерін танытты, 283 қыз­мет­кердің қызметі төмендетілді, 132 қызметкер басқа қызметке ауыстырылды, 208-і ІІО-нан қызметтен шығарылды.
Қазіргі уақытта кезектен тыс аттестаттаудың нәтижесі бойын­ша 25 457 қызметкердің 1140-ның қызметі төмендетілді, 1227-сі басқа қызметке ауыстырылды, ал 1276-сы ІІО-нан қызметтен шығарылды.
Енді өңірлік аттестаттау ко­мис­сиясынан 49 мыңға жуық қыз­меткерді аттестаттаудан өт­кі­зу қалды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Суретті түсірген  Ерлан ОМАРОВ.