10 Қазан, 2012

Халықтан ұят болды…

414 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Халықтан ұят болды…

Сәрсенбі, 10 қазан 2012 7:11

Биылғы 14 қыркүйекте об­лыстық активте облыстың жаңа әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Астанада Елбасы қабылдауында болғаннан кейінгі ақжолтай жа­ңалықтардан хабардар етті.
– Ауыз сумен облыс хал­қы­ның қамтамасыз етілу көр­сет­кіші 56,8 пайызды құрап отыр. Ал, табиғи газбен қамту 76 пайызға жеткен. Қоянды су құ­бырының жобасы жыр болып келе жатыр. Ауыз сумен қамтуда көп жұмыс жасалды дегенмен, тіршілік нәріне мұқтаж ауылдар әлі де бар. Мысалы, Ақжайық ауылына құжат жүзінде су бе­рілді делінген, шын мәнінде олай емесін көріп отырмын, – деді Бақтықожа Салахатдинұлы («Атырау» газеті, №107, 15 қыркүйек, 2012 жыл).

Сәрсенбі, 10 қазан 2012 7:11

Биылғы 14 қыркүйекте об­лыстық активте облыстың жаңа әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Астанада Елбасы қабылдауында болғаннан кейінгі ақжолтай жа­ңалықтардан хабардар етті.
– Ауыз сумен облыс хал­қы­ның қамтамасыз етілу көр­сет­кіші 56,8 пайызды құрап отыр. Ал, табиғи газбен қамту 76 пайызға жеткен. Қоянды су құ­бырының жобасы жыр болып келе жатыр. Ауыз сумен қамтуда көп жұмыс жасалды дегенмен, тіршілік нәріне мұқтаж ауылдар әлі де бар. Мысалы, Ақжайық ауылына құжат жүзінде су бе­рілді делінген, шын мәнінде олай емесін көріп отырмын, – деді Бақтықожа Салахатдинұлы («Атырау» газеті, №107, 15 қыркүйек, 2012 жыл).

Халықты ауыз сумен қамту көрсеткіші 96 пайызға жетті деген бұрынғы басшы мәлімдемесі тек көзбояушылық болып шық­ты… Осы ретте аудан әкімдеріне деген халықтың өкпе-реніші ұшан-теңіз. Себебі, олар ауданға бұрынғы облыс әкімі келетін болса, сөйлеушілердің сөзін жазып беріп, артық ештеңе айтпауды қатаң тапсыратын. Шешендер де сол үрдістен шығып кел­ді. Бұрынғы облыс әкімі Махамбет ауданына сапарлағанда жи­на­лысқа бір топ ардагерді кіргіз­бегенін де естігенбіз. Және сол күні Махамбеттегі су тазарту қондырғысы суды таңертеңнен кешке дейін айдаған. Бір апта өткесін, бұрынғы күйіне түсіп, таңертең екі сағат, кешке қарай екі сағат беріп, шаруаны бітір­ген. Жиналысқа дайындалып кел­­­­­­гендердің сөзіне қарағанда, қой да тоқ, қасқыр да тоқ заманда өмір сүріп жатқан болатынбыз.
Ауылға келетін таза су да, ошақта жанып жатқан «көгілдір отын да» біреудің нұсқауы бойынша көрсетіледі. Бұл жерде бас­ты кінә село не аудан әкі­мін­де болуы тиіс.
– Ешкімді де қаралағанымыз емес, бірақ, шындық қашанда қым­бат. Биыл облыстағы 40 мектепке күрделі жөндеу қарас­ты­рылса, соның бәрін де екі компания мойындарына алған. Олар да жұмысты өздері жа­са­маған, басқа мердігерлерге тап­сырған. Мердігер өз кезегінде, қо­салқы мердігердің көмегіне сүйенген. Салдарынан жаңа оқу жылында он мектептің есігі ашылмады, сегіз мектептің оқу­шылары әр жерде тентіреп оқуға мәжбүр болып отыр. Тағы бір мәселе, тип­тік мектептердің өзін­де әжетхана қарас­тырыл­маған, – деді облыс әкімі     Б.Ізмұхамбетов активте сөй­леген сөзінде. («Атырау» га­зе­ті, №107, 15 қыркүйек, 2012 жыл).
Облыс әкімі Бақтықожа Із­мұхамбетовтің осы сөзінен ұққа­нымыз, облысқа әлі де 220 дә­рігер қажеттігін, облысымыз бала өлімі бойынша республика көрсеткішінің 15-ші орнында, туберкулез ауруы бойынша 13-ші орында тұрғандығын, облыс­та әлі 21 денсаулық сақтау ны­санының қажеттігін білдік. Сон­дай-ақ, облыс бойынша 28 мә­дени ошаққа күрделі жөндеу қажет болса, 25 елді мекенде мә­дениет үйінің атымен жоқты­ғын естіп-білдік. Рас, мұның біразы бұрынғы әкімнің кезінде де белгілі болатын.
Әрине, бұл жағдайларға ке­ші­ріммен де қарар едік. Бізді әкімшілік қызметкерлерінің, облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукеновтің, об­лыс­тық қаржы басқармасының бас­тығы Бауыржан Жантеміровтің, об­лыс­тық энергетика, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бас­қармасының бастығы Бауыржан Жайсановтың жемқорлығы үшін қамауға алынуы жерге қаратты.
Осы жерде бір айта кетер нәрсе, облыстың бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев облыстағы мұ­най компанияларының бас­шы­ларына «балалар бақшасын салып бермесеңдер, қызметкер­леріңнің балаларын бала­бақ­шаға қабылдатпаймын» деуі де көңіл­ге кірбің ұялатты. Сонда, әкім об­лыстағы 450-дей мұнай компа­ниясының бюджеттің бү­й­і­рін қалай толтырып жатқан­дарын есінен шығарып алғаны ма? Ол компанияларда жұмыс жа­сап жат­қан қызметкерлер об­лыстың қарапайым халқы емес пе, олардың қандай кінәсі бар еді? Тіпті, мұғалімдерге бе­рі­ле­тін кө­мек қаржыны да құл­қын­дарына салып жіберуі кеші­рім­сіз жай.
Қазір облыс халқының ау­зын­­дағы әңгіме бұрынғы бас­шы­­лар­­дың жемқорлыққа белше­лері­нен батуы. Әрине, тергеу аяқ­­та­лып, сот болмай, біз еш­теңе айта алмаймыз. Бірақ та, басшылар­дың ұзақ уақыт бойы елді алдап келуі халықтан да ұят болды… Осындайда қаның қа­лай қай­на­майды?!
Сөз түйінінде тағы бір жайды айтуға тура келіп тұр. Об­лыс­­тағы басқа да газеттермен қатар «Мұнайлы астана» газеті де бұрынғы әкімнің тұсында кейбір мадақтау мақалаларын берген-ді. Қайтейік енді, асыра мақтаған кезіміз үшін оқыр­ман­дардан мың мәрте кешірім сұ­раймыз. Ең бастысы – ел болып, жұрт болып осы істен сабақ алу.
Құттыгерей СМАДИЯР,
«Мұнайлы астана»  газетінің бас редакторы.
Атырау.