20 Қазан, 2012

Тыныштықтың тамыры

314 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Тыныштықтың тамыры

Сенбі, 20 қазан 2012 8:30

Полиция қызметіндегі ең бас­ты тиімділік қылмысты әбден жа­сап қойған бұзақыны ұстауға аттандап шабу емес, сол жасалар қылмыстың алдын алу, яғни оны болдырмау. Мұндай міндет биігінен табылған  сақшылардың мерейі қашанда үстем екендігі ақи­қат. Алайда, қазіргі полиция қыз­меткерлері мұндай талап биігінен көріне алуда ма? Қай мәліметке көз салсаңыз да кісі өлтіру, зор­лау, қарақшылық етек алған. Мұндай аса ауыр қылмыстар орын алғаннан кейін оның сал­да­рын іздеп әлек­тен­геннен өкініш­тің орны тола ма? Ендеше, біле білсек,  ең алды­мен қылмыстың алдын алудан асқан арқау жоқ.

 

Сенбі, 20 қазан 2012 8:30

Полиция қызметіндегі ең бас­ты тиімділік қылмысты әбден жа­сап қойған бұзақыны ұстауға аттандап шабу емес, сол жасалар қылмыстың алдын алу, яғни оны болдырмау. Мұндай міндет биігінен табылған  сақшылардың мерейі қашанда үстем екендігі ақи­қат. Алайда, қазіргі полиция қыз­меткерлері мұндай талап биігінен көріне алуда ма? Қай мәліметке көз салсаңыз да кісі өлтіру, зор­лау, қарақшылық етек алған. Мұндай аса ауыр қылмыстар орын алғаннан кейін оның сал­да­рын іздеп әлек­тен­геннен өкініш­тің орны тола ма? Ендеше, біле білсек,  ең алды­мен қылмыстың алдын алудан асқан арқау жоқ.

Содан осындай талапқа жауап беретін полиция қызметкері Астана қаласында бар ма екен деп хабарласқанбыз. Ол анау-мынау емес, тұрғындары арасында тәр­тібі қиын, яғни заңға оңайлықпен мойынсұна қоймайтын адамдар қоныс тепкен жерде міндетін ат­қарса дұрыс дедік. Естуімізше қаланың «Еуразия» базары жақта бұрын сот­та­лып келгендер, мас­күнемдер, на­шақорлар мен жал­пы отбасының шырқын бұзуға дағдыланғандар тұратын көрі­не­ді. Соған сәйкес қаланың «Орбита» деп аталып кет­кен аймағында Алматы аудан­дық ІІД-ге қарасты №5 учаскелік полиция бөлімшесі бар болса, онда осы аймақтағы №34 әкімшілік бөліністегі тәртіп­ке жауап беретін полиция капи­таны Азамат Садықов деген өз ісін жетік мең­гер­ген учаскелік инс­пектор де бар екен.

Біз оған үйреншікті әдетпен қандай аса ауыр қылмыс жасаған қанша қандыбалақ қыл­мыс­кер­лер­ді ұстадың немесе ел-жұрт­тың құтын қашырып жүрген небір  атышулы қарақшыларды құ­рық­тадың деп сұрағымызды тө­тесінен қойдық. Сөйтсек, кейіпкеріміз сәл езу тартып, ондайлар бізде болмайды дейді. Себебі, ондай деңгейдегі қылмысқа жол бер­мейміз, яғни жеткізбейміз. Анда-мұнда орын алып жатқан сондай ауыр қылмыстардың өзі­мізде қайталанбауы үшін жағ­дайдың алдын ала алдын орап үлгереміз. Ол үшін деп, капитан А.Садықов әңгімесін одан әрі жалғастырды.

Ол өзінің бақылауындағы ша­ғын ауданда қандай, яғни кімдер тұ­ра­ты­нын жақсы біледі екен. Әсі­ресе, тізімге алынған жандармен ерекше жұ­мыс жүргізеді. Осын­дай жұ­мыс­тар арқылы ол ауыр қыл­мыс­тарға жол бермейді. Қай отба­сында ки­кіл­жің арты кісі өліміне соқтыруы ға­жап екенін де есте ұстайды. Соған сай тәр­бие жұ­мыс­тары мен алдын алу ша­раларын үздіксіз жүргізген соң тынымсыз ең­бек жемісін де беріп отыр. Қыл­мыс жасауға бейім жандар өзде­рі­нің үнемі бақылауда екенін тү­сін­ген соң, аяқтарын тар­татыны да анық. Ал көз алдарында күлімдеп қоғам­дық тәртіп пен ты­ныш­­тық­тың сақ­талуын қадағалап жүрген өз­деріне таныс учаскелік полиция инспекторын көрген үлкендер де, жастар да қауіпсіздік пен се­нім­діліктің қымбат екенін ұғына тү­сетін секілді.

А.Садықов №5 полиция бө­лім­шесінде табаны күректей жеті жыл­дан бері жұмыс істеп келеді. Ол күнде ертеңгісін ең әуелі азаматтардан түскен арыздар мен өті­ніштерді қарап шығады. Осы арыз-шағымдарды әбден саралап алған соң бірден шара қолдануға кіріседі. Қайсыбір арыздардың ізін суытпай түске дейін немесе түс ауа, әйтеуір кешке дейін аза­маттардың өті­ніш­терін орындау үшін белгілі бір шараларды қа­былдауды қамта­ма­сыз етеді. Ол шаралар, мәселен, әкім­шілік құ­қық бұзушылық ту­ралы хаттамалар толтыру, отба­сы­лық кикіл­жіңдер мәселесін шешу, тиісті іс қағаздарын сотқа жөнелту, өзіне бекітілген аймақты аралау, тіпті әр пәтерге бас сұғып, онда кімдер тұрады, қалай тұрады дегендей жағдайды білу.

Осындай күнделікті шара­лар­дың арқасында мұның қарайтын әкім­­шілік ауданында ауыр қыл­мыс­тар жасалып көрген жоқ. Лайым солай бола берсін. Ал кісі тонау, алаяқтық секілді қыл­мыс­тар күнделікті ізі суымай ашы­луда. Бұған, әрине, №5 полиция учаскесі бөлімшесінің басшысы капитан Е.Ысқақовтың да қосып жатқан өзін­дік үлесі бар екені сөзсіз. Ер­сайын­ның өзі Оңтүстік Қа­зақстан облы­сы Мақтаарал ау­да­нынан екен. Елі­міздің еңселі ел­ор­дасында ерекше еңбек етіп жүр­ге­нін мақтан тұтады. Сол үздіксіз еңбектің арқасында ол бақылау жасайтын аймақта ты­ныш­тық пен қауіпсіздік жайлаған. Бұл да болса бүгінгі бейбіт күннің батырларына тән ең абзал іс екені сөзсіз.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».