24 Қазан, 2012

Ажал аузынан құтқарып қалды

394 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ажал аузынан құтқарып қалды

Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:24

Ығы-жығы қаланың сансыз тіршілігіне сай мұнда күнделікті небір оқиғалардың орын алып жа­татыны қазір ешкімді де таң­ғал­дыра қоймайды. Дегенмен, со­лардың арасында қоғамға мүлде жат қылықтардың көрініс табуы ізгі ниетті жандардың жанын жа­быр­қататыны бар. Сондай кезде полиция қызметкерлері араласпаса ар­ты не болар еді деп ойлай­сыз. Міне, сондай бір оқиға Алма­ты қа­ла­сының Әуезов ауда­нында орын алды. Кешкілік жұрт­тың жұ­мыс­тан үйлеріне қайтатын уа­қытын пайдаланған отыз бес жас­тағы әйел құшағына үш жасар сәбиін қысқан күйі бес қабатты үйдің төбесіне шықты. Шыққан бойда шатырдың жиегіне жа­қын­дап, мына өмірден баз кешкендігін білдіріп төменге айқай салды.

Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:24

Ығы-жығы қаланың сансыз тіршілігіне сай мұнда күнделікті небір оқиғалардың орын алып жа­татыны қазір ешкімді де таң­ғал­дыра қоймайды. Дегенмен, со­лардың арасында қоғамға мүлде жат қылықтардың көрініс табуы ізгі ниетті жандардың жанын жа­быр­қататыны бар. Сондай кезде полиция қызметкерлері араласпаса ар­ты не болар еді деп ойлай­сыз. Міне, сондай бір оқиға Алма­ты қа­ла­сының Әуезов ауда­нында орын алды. Кешкілік жұрт­тың жұ­мыс­тан үйлеріне қайтатын уа­қытын пайдаланған отыз бес жас­тағы әйел құшағына үш жасар сәбиін қысқан күйі бес қабатты үйдің төбесіне шықты. Шыққан бойда шатырдың жиегіне жа­қын­дап, мына өмірден баз кешкендігін білдіріп төменге айқай салды.

Алас-қапаста шыққан ащы дауысқа назар аударған тұр­ғын­дар сұмдық көрініске тап болды. Анасының жат ниетін ұғын­ған­дай болған нәресте де сонау тө­мен­де ажалдың аузын ашып тұр­ға­нын байқағандай қорқыныштан бажыл­дап құшаққа тығыла тү­сті. Бірақ есі-дертін бір-ақ нәрсе жай­лаған әйел алған бетінен қайтар емес. Жылап, көкірегіне жабыса түскен балапанын қос қолдай өзінен алыс­тата «тастаймын» деп ай­қайлады. Төменде жиналып қал­ған жұрт бес қабатты үйдің ұшар басынан ай­қайлаған белгісіз әйел­­дің сә­биімен бірге өзінің жерге секіруге анық бекінгенін түсінді. Мұн­дай қадамға бұл бейбақтың неліктен бел буғанын ешкім біле алмады. Сондықтан олардың ара­сынан сол сәтте ажалға араша тү­суге талпын­ған­дары да көрінбеді. Тек әлде­қа­лай біреуі полицияға орын ал­ғалы тұрған сұмдық оқи­ға ту­ралы хабар жіберіп үлгерді. Бұл да болса сол сәттегі өте дұрыс қадам еді.
Дәл осы кезде «Боран-086» патрульдік тобы аталған үйге таяу тұста қоғамдық тәр­тіп­ті қа­дағалап жүрген болатын. Олар рация арқылы орталықтан сұм­дық хабарды естісімен бес қабатты үйдің ауласына ұша жетті. Адамдар қарасы да көбейіп қа­лыпты. Жағдайды бірден ша­малаған топ жетекшісі, полиция аға лейтенанты Серік Жапаров шатырға көтерілу үшін кіреберіске еніп кетті де, оның әріптесі полиция аға сержанты Зайтжан Аюпов төменде қалды. Ол жағ­дайдың тым ушығып бара жат­қанын бірден байқап, төбедегі әйелді ақылға ша­қыруға кірісті. Әріптесі жоғары көтерілгенше мүмкіндігінше уа­қыт оздырып, келіншекті алған бетінен кідірте тұру керек. Бірақ өршеленген бейбақ ешкімді тыңдағысы да келмеді.
Амал нешік, қос өмір­ді құт­қарам деп жоға­ры­ға құсша көте­ріл­ген полиция аға сержанты С.Жа­­паров әйелді сәбиі­мен ұстап алу­ға үлгере алмады. Оның иек ас­тындағы көріністі көр­генде төменде тұрған көпшіліктің жан даусы шық­қандай болды. Біреулері қарауға дәттері шы­да­май көз­дерін көле­гей­лей берді. Ана­сы сәбиін сонау биіктен өз қолы­мен лақ­ты­рып жібереді дегенге кім сенген. Иә, көпшілік сен­бей тұрған. Алайда, өмір­ден шын­дап баз кешкен әйел қас-қағым сәтте құ­ша­ғынан нәрес­те­сін айыр­ды да тастап кеп жіберді. Жұрт шу ете қалды. Адамдар ғана емес, қаты­гездік сал­дарынан ғимарат­тар да теңселіп кеткендей бол­ды. Ой­ла­ма­ған оқыс оқиға қас-қағым сәтте орын алды. Жазықсыз сәби ыс­тық құ­шақтан өз ана­сының аялы алақаны арқылы ажырап, бес қа­батты үйдің төбе­сі­нен керегі жоқ қу дү­ние­дей құл­дилай жө­нел­ді. Аға­раңдаған киімдері ауа­ны қақ жара зу­лаған екпінінен жел­біреп, қараған жан­­ның демін тарылтып жіберді. Көпшілік орын­дарынан қоз­ғала алмай қал­­ды. Тек полиция аға сержанты Зайтжан Аюпов атқан оқтай аққан сәбидің денесі көз ал­дында тасқа соғылып, мыл­жа-мылжасы шыға­рын біліп, бар қай­ра­тын жия ажал­ға қарсы ұмтыл­ды. Үл­гер­ді. Асқан ептілік пен күшті­лік­тің ар­қасында күнәсіз пәк сә­би­ді ажал аузынан қағып алды. Жұрт тағы шу ете қалды. Сосын демдерін терең алып, жадырап сала берді.
Өзіне не болып, не қойғанын түсінбеген ба­ла­­ны жедел жеткен дәрі­гер­лер қаумалап, психо­ло­­гия­лық көмек беру үшін ауруханаға алып кетті. Ал оны құтқарып қалған полиция аға сержанты Зайтжан Аюпов қызметін одан әрі жалғастыруға кірісті.

Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар

Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Экономика • 31 Желтоқсан, 2025