01 Қараша, 2012

Міндет және ерлік

315 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Міндет және ерлік

Бейсенбі, 1 қараша 2012 7:11

Қандықол қарақшыны ұстау үшін тек күштілік аздық ететіні анық. Бұл жағдайда, алдымен адамның ержүректілігі, яғни батырлығы аса қажет. Мұндайда қорыққанға қос көрінеді дейді, ал қорықпаған жауын қалайда тізе бүктіре алатынын біледі. Соның бір дәлеліндей, Ақтөбе облыстық ІІД ЖПБ аға инспекторы Әлихан Түгілтаев аса қауіпті қылмыскерді ұстауда өзінің батырлығы мен ержүректілігін көрсетті. Ол өзі қатты жарақаттанса да қандыбалақ қылмыскердің қашып кетуіне жол бермеді. Ал қылмыскердің жолын  Әлиханның өзі кесті.

 

Бейсенбі, 1 қараша 2012 7:11

Қандықол қарақшыны ұстау үшін тек күштілік аздық ететіні анық. Бұл жағдайда, алдымен адамның ержүректілігі, яғни батырлығы аса қажет. Мұндайда қорыққанға қос көрінеді дейді, ал қорықпаған жауын қалайда тізе бүктіре алатынын біледі. Соның бір дәлеліндей, Ақтөбе облыстық ІІД ЖПБ аға инспекторы Әлихан Түгілтаев аса қауіпті қылмыскерді ұстауда өзінің батырлығы мен ержүректілігін көрсетті. Ол өзі қатты жарақаттанса да қандыбалақ қылмыскердің қашып кетуіне жол бермеді. Ал қылмыскердің жолын  Әлиханның өзі кесті.

Арал қаласында бірнеше дүркін ауыр қылмыстар жасаса да айласын асырып сақшылардан құтылған бұзақы Қанат Ақтөбе қаласына келіп, бас сауғалаған. Егер мұнда қарасын көрсетпей, үнін шығармай бұқпантайлап жүре берсе қолға ілікпес пе еді. Бірақ үйреншікті кәсібінен қол үзе алмаған қарақшы ғадеттенген  ісіне қайта кіріседі. Сөйтіп, Ақтөбе қаласының шет жағында тұрған үйдің иелері ұйқыға кетті-ау деген кезде түн жамылып шатыр арқылы ішке енеді. Мұнда кімдер тұратынын ол алдын ала зерттеген. Сондықтан үй иелерінен өзіне аса қауіп келмейтінін де білген. Тәтті ұйқыда жатқан оларды суық қару кезе­ніп оятқанда байғұс ерлі-зайыпты­лар­дың тіл-ауыздары байланып қалды. Қат­ты қорыққаннан шыбын жандарын сақ­тап қалу үшін, амал жоқ, бар жиған ақ­ша­лары мен тыққан бағалы заттарын ұстата берді.

Бейбіт жандарды тонап, қаны қарай­ған қарақшы оңай олжаға бірден қолы жеткеніне масаттанып, сонан үй иесіне өзін қаланың бір шетіне жеткізіп тастауды бұйырды. Қарулы қылмыскерден тез арада құтылуды әрі оны отбасынан  алас­тату амалын ойлап тұрған отағасы «Ауди» көлігін көлденең тартты. Егер осыдан полицияға хабар беретін болсаң әуелі күйеуіңді, сосын қайтып келіп өзіңді өлтіремін, дейді әйелге мылтық аузын тақаған қарақшы. Алайда, бірге кетсе күйеуінен айырылып қаламын деп ойлаған әйел көлікті де қоса бердік өзің алып кет деп зар иледі. Бірақ көзі қы­зарған қылмыскер айтқанынан танбай үй иесін тапаншамен түртіп, күштеп рөлге отырғызды. Сонан қылмыскерді кө­лігіне отырғызған күйеуі ауладан шы­ғып кетісімен әйел полицияға хабар берді.

Сақшылар «Ұстау» арнайы жоспарын құрды. Барлық нүтелерде тұрған кезекші полицейлерге хабар жіберілді. Бұл хабарды жол бойында көлік қозға­лысы ережесін бақылап тұрған полиция майоры Әлихан Түгілтаев пен полиция аға сержанты Ізбасар Дәрібаев та естіді. Көп кешікпей олар өздеріне қарай жүйт­кіп келе жатқан «Ауди» көлігін байқады. Оның ішінде көлік жүргізушісін кепілге алып, жолында кездескен кедергіні жою үшін бәріне баруға дайын қаруланған аса қауіпті баскесер отырғанын бұлар жақсы білді. Сондықтан өте сақ та, батыл қимылдамаса, қателік орны толмас өкінішке ұшыратуы мүмкін еді.

Екеуі еш күдік тудырмай әдеттегі жол бойында тәртіп сақтап жүрген полицей ретінде «Ауди» көлігін тоқтатты. Құжаттарын алып жүргізуші сыртқа шықты. Міне, тап осы сәтті күтіп тұрған Әлихан ішке атыла еніп, қылмыскерді бас салды. Алайда, ол да дайын отыр екен, аяқ астына қолындағы жарылғыш затты тастап жіберді. Сөйтті де өзі ашық есіктен далаға ытқып шығуға әрекеттен­ді. Бірақ оны Әлихан ұстап қалды. Бұл кезде жарылғыш зат та жарылып үлгер­ді. Осы  бір қас-қағым сәтті пайдаланған қарақшы Қанат жанталаса құтылмақ болды. Ал жарқыншақ аяғына тиіп жараланса да Әлихан қаша жөнелген қыл­мыскерді Ізбасармен бірге қайта ұстауға ұмтылды. Екеулеп оны қуып жетіп, екі бүктеді. Қолын қайырып кісен салды.

…Кейін Ақтөбе облысының ІІД ЖПБ аға инспекторы, полиция майоры Әли­хан Түгілтаев аса қауіпті қаруланған қыл­мыс­­керді ұстаудағы көрсеткен ер­лі­гі үшін Елбасының Жарлығымен ІІІ дә­ре­желі «Айбын» орденімен марапатталды.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».