02 Қараша, 2012

Аттестаттау

243 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Аттестаттау

Жұма, 2 қараша 2012 7:09

СҮРІНГЕНДЕР ДЕ БАР

Елбасының «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жар­­­лығына сәйкес, Алматы облыстық прокуратура қызметкерлері сы­­нақ тапсырды. Бұл жайында Тал­дықорғанда журналистермен өт­кен баспасөз брифингінде облыс прокуроры Ғабит Миразов «Прокуратура органдары қызметкер­лерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу кезінде негізгі бағалау өл­шемдері қызметкерлердің қабі­лет­терін, оларға жүктелген мін­дет­терді орындау және жұмыс нәти­желері, сонымен бірге тео­риялық білімдерінің, тәжірибелік білік­­­ті­ліктерінің деңгейін анық­тау болып табылды. Ережеге сәй­кес заң­на­маны білуіне компью­терлік сынақ, психологиялық тұ­рақты­­­лық сы­нақ­тамасы, әңгіме­лесу бойынша үш кезеңнен тұр­ды.

Жұма, 2 қараша 2012 7:09

СҮРІНГЕНДЕР ДЕ БАР

Елбасының «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Жар­­­лығына сәйкес, Алматы облыстық прокуратура қызметкерлері сы­­нақ тапсырды. Бұл жайында Тал­дықорғанда журналистермен өт­кен баспасөз брифингінде облыс прокуроры Ғабит Миразов «Прокуратура органдары қызметкер­лерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу кезінде негізгі бағалау өл­шемдері қызметкерлердің қабі­лет­терін, оларға жүктелген мін­дет­терді орындау және жұмыс нәти­желері, сонымен бірге тео­риялық білімдерінің, тәжірибелік білік­­­ті­ліктерінің деңгейін анық­тау болып табылды. Ережеге сәй­кес заң­на­маны білуіне компью­терлік сынақ, психологиялық тұ­рақты­­­лық сы­нақ­тамасы, әңгіме­лесу бойынша үш кезеңнен тұр­ды. Облыс про­куратурасының басшылығы мені қосқанда төрт қызметкер аттестаттауды Президент жанындағы Жо­ғары аттестаттау комиссиясынан өтіп, лауа­зымдарымызға сәйкестігі туралы шешім қабылданды. Ор­талық аттестаттау комиссиясында облыс прокуратурасының басшы­лық құ­ра­мындағы 28 қызметкер өтті. Оның үшінші кезеңінде 230 қыз­меткермен әңгіме жүргізіліп, 209 қызметкер өтсе, 21 қызметкер сүрінді» деді.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысы.

__________________

АЯҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

Бас прокуратураның Орталық аттестаттау комиссиясы арқылы өтуге тиісті қызметкерлерді сараптау аяқталып келеді. Орталық аттес­таттау комиссиясынан прокуратура органдарының барлығы 755 қыз­меткері өтуі керек бол­ған, олар­дың 38-і немесе 5 пайызы жұмыс­тан кетулеріне, соның іш­інде 21 адам қызмет мерзімі­нің аяқ­талуы­на, 2 қызметкер бас­қа қыз­­­метке ауысуына байланысты аттестаттаудан өткен жоқ. 3 қыз­меткер жүктілігіне байланысты босатылды. Сонда барлығы 712 қы­з­меткер әңгімеле­­­суге жіберіл­ді, олар­дың ішінде аттестаттаудан өтіп, атқарып отырған қызметіне лайықты деп таныл­ғаны – 637 немесе 89,5 пайыз, ал 75 қызметкер немесе 10,5 пайызы атқарып отыр­ған қызметіне лайық емес деп танылып: 57 қызметкерге, со­ның іш­інде тес­тілеу кезінде тө­мен баға алған 3 қызметкерге қыз­метін тө­мен­детуге; 15 қыз­мет­керге басқа жұ­мысқа ауысуына; 3 қызметкерді прокуратура органынан босатуға ұсыныс жасалды. Облыстарда және Астана, Алматы қалала­рында өңірлік аттестаттау комиссиясы прокуратура ор­ганда­ры­ның қыз­мет­керлерін кезектен тыс аттестат­таудың үшін­ші кезе­ңін өткізу бойынша жұ­мыстарға кірісіп кетті, деп хабарлады Бас прокура­тура­ның баспа­сөз қыз­меті.