06 Қараша, 2012

Сынақтан сүрінбеді

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сынақтан сүрінбеді

Сейсенбі, 6 қараша 2012 7:12

Құқық қорғау органдары қыз­меткер­лерін аттестаттау барысы күн­нен-күнге жаңа қарқын ала тү­суде. Соған сай соңғы кездері құ­қық қорғау саласының мате­риал­дық-техникалық базасы нығайып келеді. Былтыр облыста бұл бағыт­қа 3,7 миллиард теңге бөлінді. Бас­қарудың автоматты жүйесі енгі­зіліп, соңғы үлгідегі бейнебақылау кеңінен қол­данылады. Осындай озық әдіс-тәсіл­дердің кө­мегімен ондаған қылмыс ізі суымай әш­кереленді. Жуырда іске қосылған процессингтік орталық­тың игі жәр­демі мол. Жақында тәр­тіп сақ­шыларына су жаңа көлік­тер кілті табыс етілді.

Айтулы шара бейбіт күндерде ел тыныштығын қорғау жолында ерлік­пен қаза тапқан тәртіп сақ­шыла­рының ескерткішіне тағзым етуден басталды. Осы күні ОІІД-нің жедел басқару орта­лығында мұражайдың тұсаукесері өтті. Оған төрт мыңнан астам экспонаттар қо­йылған. Бұдан кейін Ішкі істер минис­трінің орынбасары, генерал-майор Амантай Күреңбеков пен облыс әкімі Серік Біләлов орталық алаңда сап түзеген полиция қыз­меткерлерін құт­тықтап, су жаңа 21 жеңіл көліктің кілт­терін салтанатты жағдайда тапсырды. Қалалық ішкі істер басқармасы жанынан ашылған криминалис­тикалық полигон қоғам­дық тәртіп күзетінде жүрген поли­цейлердің жұмысын жеңілдете тү­сері анық. Погодин атын­дағы орыс драма театрында өткен салтанатты шарада өз мін­дет­терін мінсіз атқа­рып жүрген бір топ қоғамдық тәртіп сақшыларына ішкі істер минис­тр­лігінің, облыс әкімі­нің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары тапсырылды. Осында мектеп оқушылары арасында ұйымдас­тырыл­ған «Менің қазақ­стандық полициям» байқауы­ның қоры­тындысы шығарылып, жеңім­паздар марапатталды. «Сол­түстік Қазақстанның полициясы: Борыш. Батылдық. Ерлік» атты кітаптың тұсауы кесілді.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.