06 Қараша, 2012

Қорытынды қуантады

288 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қорытынды қуантады

Сейсенбі, 6 қараша 2012 7:13

Елбасының 2012 жылдың 8 сәуі­ріндегі  «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау» туралы №260 Жар­лығына  сәйкес Батыс Қазақ­стан  об­лыстық ішкі істер органында үш кезеңнен тұратын аттестаттау өткізілді.

Сейсенбі, 6 қараша 2012 7:13

Елбасының 2012 жылдың 8 сәуі­ріндегі  «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау» туралы №260 Жар­лығына  сәйкес Батыс Қазақ­стан  об­лыстық ішкі істер органында үш кезеңнен тұратын аттестаттау өткізілді.

Кезектен тыс аттестаттаудың бірінші кезеңінде БҚО ІІД басшылық құрамы (яғни, департамент бастығы және оның төрт орынбасары) Қазақстан Прези­денті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясында өткізілген сынақтан сүрінбей өтті. Одан кейін  облыстық ішкі істер де­партаментінде аттестаттаудың екін­ші ке­зеңі аяқталды. Бұл сынаққа  ІІД қызмет­терінің бас­тықтары, қылмыстық атқару мекемелерінің бастықтары, күзет қызме­тінің, өзіндік қауіпсіздік және есірткі бизнесіне қарсы күрес басқар­масы, әскери іздестіру бөлімі және ішкі істер депар­таментінің жедел қызмет өкілдері, сол сияқты аудандық ішкі істер бөлімдерінің жедел қызметкерлері қатысты. Негізінен оған басқарма, бөлім және бөлімшелердің 85 қызметкері қатысып, өздерінің білім мен білікті­ліктерін сын тезіне салды. Орталық аттестаттау комиссиясы өткізген сынаққа Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Қалмұханбет Қасымов төрағалық етті.
Аттестаттаудың екінші кезеңінің қоры­тындысы бойынша үш полиция қызмет­керін жоғары лауазымға ұсыну көздел­се, 74-і өз лауазымдарына лайық­ты деп танылды. Ал екі қызметкердің өз қызметіне лайықты емес екендігі дәлел­деніп, бесеуі басқа қызметке ауыстырылатын болды. Бір қызметкер жұмыстан шығарылды.
Тамыздың 9-ынан бастап аймақтық аттестаттау, өту кезеңі басталды. Комис­сияға департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б.Аймурзин төрағалық етті. Сынаққа ІІД және Орал қалалық ішкі істер басқармасының 2210 қызметкері қатыстырылды.
Оның қорытындысымен: резервке қоюға ұсынуға – 53; өз қызметіне ла­йықты – 1821; өз қызметіне лайықты емес, сондықтан лауазымынан төменде­тілуіне – 72; өз қызме­тіне лайықты емес, басқа қызмет­ке ауысуына – 99; ІІО шығарылуға жататын 96 қызметкер анықталды.
Аттестаттау басталғанға дейін 69 полиция қызметкері өз еркімен ішкі істер органдарынан босатылуы жөнінде баян­ат жазды. Жалпы, аттестаттау төмен­де­гідей сынақтар бойынша өткізілді: Қазақстан Республикасы заңдарын қаншалықты біле­тіндіктерін компьютер бойынша анықтау; дене шынықтыру нормативтері бойынша байқаудан өту, әскери және қызметтік дайындықтарын көрсету, психологпен әңгімелесу; Орта­лық аттестаттау комиссиясымен әңгіме­лесу және ол комис­сиясының шешімі болды, деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметі.