07 Қараша, 2012

Өзгерістер өрісі

346 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өзгерістер өрісі

Сәрсенбі, 7 қараша 2012 7:30

Еліміздің Бас прокурорының бұйрығымен Қуат Артықбаев облыс прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды. Қ.Ар­тықбаев 1968 жылы Алтай өл­кесінің Қаракесек ауылында дү­ниеге келген, 1993 жылы Свердлов заң институтын бітірген. Про­куратура органдарында 1993 жылдан бастап еңбек етті, облыс прокуратурасында әлеуметтік-эко­номикалық салада заңдылық­ты қадағалау жөніндегі бөлімнің басшысы, Лебяжі ауданының про­­куроры, облыс прокуратурасында жедел-іздестіру қызме­ті­нің заңдылығын қадағалау жө­ніндегі басқарма басшысы, Бас прокурордың аға көмекшісі болды. Бұған дейін Бас прокурордың бұйрығымен облыс прокуро­ры­ның орынбасары қызметіне Берік Құлтасов тағайындалды.

Б.Құлтасов 1962 жылы Шымкент облысында дүниеге келді, 1984 жылы Қарағанды мемле­кеттік университетін тәмамдаған. Сыныптық шені – әділет аға кеңесшісі. Жуалы аудандық прокурорынан бастап, басқа да бір­қатар құқық қорғау орындарында, Тараз гарнизонының, Оң­түстік әскери округінің прокуроры қызметтерін атқарған.
Осы жуырда ғана облыстың үш ауда­нының прокурорлары та­ғайын­далды. Лебяжі ауданы­ның прокуроры болып тағайын­далған Жан Жүсіпов Бас про­ку­рату­ра­ның тергеу және анықтау заңды­лығын қадағалау басқар­ма­сында қызме­тін атқарған.
Ал Май ауданының прокуроры Аманкелді Шолымов пен Ақтоғай ауданының прокуроры Қайрат Бейсенов бір-бірімен орын алмастырды. Сондай-ақ, Ақтоғай, Шарбақты аудандары мен Ақсу қаласының қадағалау органдарының қызметкерлері арнайы салынған жаңа ғимарат­тарға орналасты. Сонымен қатар, облыстық ішкі істер депар­та­менті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, жалпы осы саладағы аттестаттау қорытын­дысы бойынша 235 полиция қызметкері алдағы уақытта жұ­мыстарын атқаруға сай емес кө­рінеді. 57-сі бұл сыннан өте ал­маған.
Ал 2 272-сі өз қызметтеріне лайық деп танылды, олардың 48-і жоғарылатуға ұсынылса, 119-ы басқа қызметтерге ауыстырылуға ұсынылған.

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».

Павлодар облысы.